Home » PRESS RELEASE » News » «Тікелей қиянат жасады». Амалбек Тшанов бас жаттықтырушыға қатысты ойын айтты

«Тікелей қиянат жасады». Амалбек Тшанов бас жаттықтырушыға қатысты ойын айтты

        Мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов Assyltas TV youtube-арнасына берген сұхбатында Мырзағали Айтжановқа қатысты ойын айтты айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
       Оның айтуынша, көп жағдайда бас жаттықтырушының кінәсі бар.

«Екі жағдайға бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжановтың кінәсі бар. Тікелей оны айта аламын. Біріншіден, 51 кг-дағы Махмудты 57-ге өткізіп қойды. 57 кг-дағы Сәкенді 51-ге әкелді. Сәкен қай салмақта болса да бойы ұзын. Керісінше оны 57-де ұстау керек еді. Ал Махмуд 51-де болғанда өзбекті де жеңетін еді. Ол бала бір ерекше. Мырзағалидың осы шешімі ешқашан кешірілмейтін нәрсе, тікелей қиянат жасады. Бұл – бір. Кешегі финалдық жекпе-жекті қараңыз. Жұрттың бәрі көрген Украина боксшысының агрессивті түрде ойынын жаттықтырушылар өте жақсы біледі. Жаттықтырушылар неге соған ыңғайлап дайындамады? Боксшыға ең керегі – аяқ. Аяқпен жақсы жұмыс істесе қорғана да алады, шабуылдай да алады. Жарыс басталмай тұрып, дайындауға болар еді. Сол жердің өзінде де ештеңе жасамады. Біздің бала барлық жағынан да басым, бірақ тактикалық жағынан қателік кетті. Соның бәрін айтатын жаттықтырушы сол жерде тұр ғой. Екі боксшы үшін Мырзағали Айтжановты қатты кіналаймын. Бұлардың алтын алатынына күмәнім жоқ еді», – деді ол.

         Сондай-ақ, ол дүниеқұмарлыққа ергендердің бәрін түп тамырымен жою керегін айтты.
«Бас жаттықтырушы барлық мәселені өзі шеше береді. Осының бәрін тоқтату керек. Бір адамға билікті беріп, бас иіп отыруды тоқтату керек. Мырзағали Айтжанов неге Тұрсынғали Еділовті қасына шақырып, бас кеңесші етпейді? Қайда жүр ол? Себебі бөліскісі келмейді, бәрі сол дүниенің айналасындағы әңгіме. Майшелпек жегендердің бәрін қуу керек. Олар алатынын алып, ішерін ішіп болды. Олимпиада біткенде кешірім сұрады. Несіне кешірім сұрайды, кету керек ол», – деді ол.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН

        ...

АУДАНЫМЫЗДА 210 ТІК ДРЕНАЖДЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

        ...

ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

        ...

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАҒЫ 90 ҮЙДІ ТАПСЫРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

        ...

9 ҚЫРКҮЙЕК-АЛАШ ҰРАНЫ КҮНІ

        ...

ПАРЫЗ БЕН БОРЫШТЫ АРҚАЛАП

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ

        ...

БҰЛ ЕҢ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

        ...

ЖУРНАЛИСТ ҮКІМЕТ ҮЙІНЕ КІРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ  

        ...