Digital Kazakhstan: заманауи білім беру
Posted by: Қалмұрат
in Білім саласы, Жаңалықтар, Жас буын, Мерекелік шара
30/08/2024
21 Views
Жетісай ауданының білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Адайбеков Шохан Жолдасұлының «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» педагогтердің тамыз кеңесіндегі баяндамасы
Құрметті Серік Үсенұлы!
Қадірлі ұстаздар!
Құрметті Тамыз кеңесіне қатысушы қонақтар!
Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын, сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!
Бүгінгі конференцияның басты мақсаты – білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістер мен өзекті мәселелерді ортаға салу, оның орындалу жолдарын қарап, тәрбие мен білім сапасын көтеру сияқты басты міндетті талқылау. Бірнеше күн бұрын Республикалық Тамыз саммитінде Қазақстан Республикасының оқу- ағарту министрі Ғани Бейсенбаев білім беру еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтарының бірі ретінде қолдауға ие екенін атап өтті.
Білім беру инфрақұрылымдарын жаңғырту бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылуда, оның ішінде жаңа мектептер салу, заманауи кабинеттермен жабдықтау, білім беру ұйымдарын жаңа құрал-жабдықтармен ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Педагогтердің қоғамдағы рөлін күшейтуге ерекше назар аударып, педагогтерге барынша қолдау көрсетуді тапсырды. Бұл – ұстаздардың жұмыс жағдайын жақсарту, біліктіліктерін арттыру және балаға сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі басты тұлға ретінде бағалау. Өткен оқу жылынан бастап оқу процесіне енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» биылғы оқу жылынан бастап қайта жаңартылып, әділетті мемлекет, жауапты азамат және прогрессивті ұлт құндылықтарымен толықтырылды. Сонымен қатар, өңірлерде «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы, балалардың құқықтарын қорғау, білім сапасын арттыру, мектептердің ата-аналармен ынтымақтастығы бойынша жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.
Жетісай ауданында 247 білім беру ұйымы білім беру қызметін жүзеге асырады. Оның ішінде, мектепке дейінгі білім беру ұйымы (19 мемлекеттік, 138 жекеменшік), 83 орта білім беру ұйымы (74 мемлекеттік, 9 жекеменшік), 3 қосымша білім беру ұйымы. 15626 тәрбиеленуші, 47564 оқушы, 914 бала қосымша білім беру ұйымына қатысады.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес ауданымыздағы 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен оқытуға қамту 98, 3-6 жастағы балаларды қамту 97%-ды құрап, жыл соңына дейін 100 % -ға жеткізу міндеті тұр.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына орналастырылған мемлекеттік тапсырысты қорытындылау жөніндегі комиссия отырысының №10 хаттамасына сәйкес Жетісай ауданы бойынша барлығы 884 орын қысқартылды. Оның ішінде 285 орын құрайтын 5 ЖШС балабақшаның жұмысы тоқтатылды, ал 599 орын 50 балабақшада қысқартылды. Қысқару себебі бала санының азаюы, қағида талаптарына сәйкес жас ерекшелігі бойынша дұрыс топтастырылмауы, ғимараттың ішкі жағдайы бала санына қарай жабдықталмауы, сондай-ақ, санитарлық қорытындыға сәйкес келмеуі.
Проблеманы шешуге мемлекеттік білім беру тапсырысына қосымша қаржы қарастыруды қажет етіледі.
Бүгінгі күні аудан бойынша 157 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасайды. (19 мемлекеттік, 138 жекеменшік.
Жетісай ауданында 84 (оның – 1 «Дарын» МИ) жалпы орта мектеп жұмыс істейді, онда 47564 оқушы оқиды.
Бүгінгі күні ауданымыздың мектептерінде 5526 педагог бар. Оның ішінде, 1467 педагог мектепке дейінгі білім беру ұйымында, қосымша білім беру ұйымында 60 педагог.
Аудан бойынша былтырғы оқу жылында 3060 түлек мектеп бітіріп, 2616 оқушы ҰБТ-ға қатысты. 190 оқушы «Алтын белгі», 246 оқушы «Үздік аттестат» алды.
Білім сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі – оқушылардың түрлі деңгейдегі олимпиада нәтижесі болып табылады. Байқаулар, конкурстар мен түрлі спорттық сайыстардан ауданымыздың оқушылары жүлделермен оралды. Бұл жетістіктерге жетуде аудан ұстаздарының еңбегі орасан зор.
Биылғы оқу жылының ерекшелігі – Үкімет тапсырмасымен республикада мақсатты мектептердің арнайы тізімі жасалды. 943 «Мақсатты мектептің» ішіне Жетісай ауданынан 3 мектеп №1 М.Горький атындағы ГМ , Ш.Құдайбердиев атындағы № 32 ЖББМ, М.Мәметова атындағы № 33 ЖББМ еніп отыр.
Ендігі кезекте осы 3 мектепке ерекше көңіл бөліп, білім сапасы бойынша нақты нәтижеге қол жеткізудің тиімді жоспарлары түзілетін болады.
«Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуіне ауданымыздан 4 мектеп қатысты. Әл-Фараби атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп, Н.Оңдасынов атындағы №14 ЖББМ, Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ, С.Ерубаев атындағы №56 ЖББМ «TALIS» халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңі өткізілді. Зерттеуге жаратылыстану бағытында 5-9 сыныптарға сабақ беретін №71 ЖББМ, №51 «Дәуір» ЖББМ, №69 «Мақташы» ЖББМ Зерттеулердің қорытындысы ережеге сәйкес алдағы уақыттарда хабарланады.
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ ) ҚР Білім және ғылым министрлігінің Түркістан облысы бойынша Білім сапасын бақылау департаменті оқу жетістіктерін сырттай бақылау жұмыстарын ауданның 61 мектебінің 4 сыныптарында, 54 мектебінің 4 сыныптарында 9 сыныптарында жүргізді.
Биылғы өткен сырттай мониторинг нәтижесін өткен жылмен салыстырғанда аудан оқушыларының білім сапасы орта балл 4 сыныптарда – 470, 9 сыныптарда – 510 баллды құрады.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама тәрбие жұмысының беталысын түсіндіруге, құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерін нақтылауға, білім алушылардың бойында құндылықтарды пәндік мазмұн, сынып сағаттары мен сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер арқылы дарытудың әдіс-тәсілдерін меңгертуге бағытталды.
Ауданда білім беру ұйымдарында өткізіліп жатқан ауқымды шараларға қарамастан, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтар орын алуда. Бүгінгі күні ауданымызда мектеп оқушылары арасында орын алған суицид, ерте жүктілік мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Жетісай ауданы бойынша жазғы мезгілде жалпыға міндетті білім беру қорынан аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына бюджеттен 119 188 000 қаржы қаралып, қала сыртындағы лагерьге 2000 бала қамтылды, Қазақстан халқына» қоры есебінен 250 бала,аудандық полиция бөлімінде, мектепішік есепте тұратын балалар және гипербелсенді көшбасшы балаларға арналған Түлкібас ауданындағы «Қуаныш» жазғы сауықтыру лагерінде 60 оқушы демалды. Жалпы 2310 оқушы лагерьде демалды.
Мектеп жанындағы лагерьлер ұйымдастырылып, бастауыш сынып оқушыларының 92 пайызы яғни 16836 оқушы қамтылды.
Интернет жүйесімен мектептер 100% қамтылған, ал кең жолақты 30 Мбит/с және одан жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен 74 мектептің 53–і (71%) қамтамасыз етілді. Орташа жылдамдығы 100 мегабит секундына 21 мектепте СТАРЛИНК интернеті орнатылған. Сапалы интернет көрсеткіші жыл сайын артуда. Бүгінгі таңда оқулықтардың 100%-ы цифрлық форматқа ауыстырылды. Олар қазір 11 платформада қолжетімді.
Сонымен қатар, Wi-Fi желісімен қамтамасыз етілмеген.Барлық мектепте бір бөлмеге ғана жететін Wi-Fi желісі бар, Бұл шешімін табуды қажет ететін үлкен мәселе.Себебі, мұғалімдер электронды журналды толтыруда қиналуда.
Аудан мектептерін компьютер техникасымен қамтамасыз ету де күрделі мәселенің бірі. ауданда 4086 компьютер бар болса, олардың 49 пайызы, яғни, 2082 данасы жарамсыз. Демек, кемінде 2 мың компьютер қажет.
Осы жерде замануи техникалық құралдармен жабдықтау үшін жұмыс жүргізілетін боламыз. Мысалы: бүгінге аудан мектептерінде 324 интерактивті тақта бар, оның 40 пайызы ескірген, жұмыс істеу қабілеті жоқ. Аталған құрылғыларды заманауи интерактивті панельдермен қатар STEM зертханаларымен қайта жабдықтау қажеттілігі туындап отыр.
2023-2024 оқу жылында 15 мектеп арнайы пән кабинеттерімен жабдықталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртібін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларына» сәйкес 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша мемлекеттік орта білім беру ұйымдары арасында өтілген конкурсқа №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясы» қатысып «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның 2023 жылғы 8 қарашадағы хаттамасының шешімімен 2023 жылғы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын жеңіп алып, 48 млн теңгеге пән кабинеттері жабдықталды.
Д.Қонаев атындағы N9 ІТ мектеп-лицейіне ұлттық қордан 250 миллион бөлініп, арт студио, би залы,робототехника, STEM кабинетімен және 14 пән кабинетімен жабдықталды.
Оқу орындарының тапшылығын шешу мақсатында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы да ауданда іске асырылуда.
Оқушының сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасайтын жоба аясында Жетісай ауданында 2023-2025 жылдар аралығында 6 мектеп салынуда.2023 жылы Жетісай қаласында 1500 орындық, Асықата кентінде 900 орындық, Ақниет ауылында 600 орындық жайлы мектептердің құрылысы басталса, 2024 жылы Жетісай қаласынан, «Қызыл таң» елді мекенінен, «Қызылқұм» елді мекенінен 600 орындық жайлы мектептің құрылысы басталуы күтілуде.
Атамекен ауылдық округі Жемісті ауылындағы Қазыбек би атындағы №67 жалпы білім беретін мектепте 453,859 млн.теңгеге «Construction Group SAMRUK» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Оқушылардың жаңа оқу жылында мектеп ғимаратында білім алуына мердігер мекеме нысанның алдыңғы ауласын, ішкі жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлауда.
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты 5 мектеп, 3 балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу жұмыстарын мердігер мекемелер жаңа оқу жылына аяқтайды. Ж.Сүлейменов атындағы №70 ЖББМ, «№69 «Мақташы» ЖББМ, Т.Рысқұлов атындағы №20 ЖББМ, М.Мәметова атындағы №33 ЖББМ ағымдағы жөндеуді қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты 96 білім беру мекемелерінің ішінде 28 мекеме қатты отынмен, 68 мекеме (46 мектеп, 19 балабақша, 3 мектептен тыс мекеме) табиғи газбен жылытылады.
2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына 5600 тонна қатты отын жоспарланды. Мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы «Asia Service Stroy» ЖШС келісім-шарт 02.08.2024 жылы 80,657 млн.теңгеге түзілді (бір тонна қатты отының бағасы 14 406 теңге). Бүгінгі таңға 2000 тонна қатты отын тасымалданды (орындалу 36%).
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты жалпы орта, қосымша білім беру, мектепке дейінгі ұйымдарының 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында жылыту жүйелерін гидравликалық қысымдаудан өткізілген.
Бүгінгі таңда бөлімге қарасты 96 мекеменің 80-і жылу беру маусымына дайын. Алайда, бөлімге қарасты 10 білім беру ұйымдарының жылу жүйелерінде әр түрлі деңгейде анықталған ақаулықтарды қалпы келтіру үшін сметалық есептеме дайындалуда. Ал 6 мектептің жылыту қазандықтарын қатты отыннан (көмір) табиғи газға ауыстыру бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда мектебі жоқ 19 кішігірім елді-мекендерден мектеп жасындағы 823 бала күнделікті көлікпен тасымалданып, білім алуда. Оқушыларды тасымалдайтын автобус болғанымен оның барлығы жеке кәсіпкерлерде. Бүгінгі күндері ауданымызда 20 орындық 5 автобус, 40 орындық 2 автобус беріліп, оқушылар тасымалдануда.
Сонымен қатар оқушыларды тасымалдайтын қосымша жаңа автобустардың қажеттілігі туындап отыр.
2023-2024 оқу жылында Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептердегі аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және білім беру ұйымының алқалы органының шешімі бойынша өзге де санаттағы 3746 оның ішінде 1-4 сынып аралығындағы 16861 білім алушылар тегін бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Қадірлі ұстаздар!
Құрметті конференцияға қатысушылар!
Білім саласында атқарылып жатқан осы жұмыстардың барлығы білім саласына жасалып жатқан зор қолдау деп білеміз. Ауданымыздың жалпы білім беру жүйесі жаңа оқу жылына дайын.
Барлық маңызды мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары әрі қарай жалғасады.
Сіздерге жаңа оқу жылы қарсаңында мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, толағай табыс тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
2024-08-30