Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) (бұдан әрі-енгізу туралы Заң) қолданысқа енгізу туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121 – VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «жалпыға бірдей декларациялау» Салық кодексінің 71-тарауы қолданысқа енгізіледі.
Енгізу туралы Заңның 45-1-бабының негізінде жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізіледі.
Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу туралы Заңның 45-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылының 31 желтоқсанында мынадай жеке тұлғалар:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) тапсырады;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрі-сайлау туралы Заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң, Банктер туралы Заң, сақтандыру қызметі туралы Заң, бағалы қағаздар нарығы туралы Заң) сәйкес декларацияны табыс ету жөніндегі міндет жүктелген адамдардың.
Аталған санаттағы адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның 27-бабында баяндалған 11-баптың 2-тармағының негізінде, сондай-ақ енгізу туралы Заңның 33-бабында баяндалған редакцияда қолданыстағы Салық кодексінің 363-бабының2-тармағына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларацияны (230.00 СЕН) табыс ететіні белгілі.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның 27-бабында баяндалған 11-баптың 2-тармағының нормасы 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Осылайша, жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге және активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 СЕН) ұсынуға байланысты кірістер мен мүлік туралы декларацияны (230.00 СЕН) ұсыну жөніндегі талаптар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады.
А.КАЗИМОВ,  
Мақтаарал  ауданы  бойынша  МКБ-ның  жетекші маманы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...