АУДАН БАСШЫСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТҚАН МЕКТЕПКЕ БАРДЫ
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Әлеумет, Білім саласы, Жас буын, Өзекті мәселе
15/08/2024
2 Views
Өткен ғасырдың 60-шы жылдары 536 оқушыға есептеліп салынған осы мектепте қазіргі таңда 1-11 сыныптар аралығында екі ауысымда 838 оқушы білім алады. Өкінішке орай, 57 жыл ішінде мектеп ғимаратына бірде-бір кешенді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан, биыл оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында бұл мәселеге кезек күттірмей қаржы бөлініп, мердігер «Ремстрой» ЖШС-і тарапынан мамыр айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстарының құрылысы жүргізілуде.
Бүгінгі күні құрылысын сапалы әрі өз уақытында аяқтау өзекті болып отырған осы білім нысанының күрделі жөндеу жұмыстарының жай-жапсарымен танысқан аудан басшысы жұмысты тездету үшін жұмысшылардың санын қосымша 80-100 адамға дейін көбейтіп, қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп, құрылыстың сапасына мән беруді, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін толығымен аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстарына құрылыс саласында жүрген Мырзакент кентінің тұрғындарын жұмысқа тартуды талап етті.
Аудан басшысы Б.Асанов егер де жөндеуге қатысты тиісті жұмыстар өз деңгейінде іске асырылмаған жағдайда, түзілген келісімшартқа сәйкес, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына (ГАСК) хабар беріліп, айыппұл салынатындығын мердігерге қатаң түрде ескертті.
Бүгінгі таңда ауданымызда А.Пушкин атындағы мектептен бөлек, Қ.Сәтпаев пен М.Тұрсын-Заде атындағы жалпы білім беру мекемелерінде де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сұңғат ҚУАНЫШБЕК,
Мырзакент кенті.
2024-08-15