ӨЗБЕКСТАННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТӘЖІРИБЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Posted by: Қалмұрат
in Кәсіпкерлік, Өзекті мәселе, Саясат, Экономика
06/09/2024
4 Views
Ауданымыздың басшысы Бақыт Асанов аудандық Мәдениет үйінің залында ауданның шаруа қожалық басшылары мен жеке кәсіпкерлерін басып қосып, инвестиция тарту мақсатында жиын өткізді.
Өздеріңізге белгілі, облысымыздың әкімі Дархан Амангелдіұлының өңірлерге инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру бойынша тапсырмасы берлген болатын. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 28-30 тамыз күндері ауданәкімі Б.Насырханұлы бастаған жеке кәсікперлер және аудандық маслихат депутаттарынан құралған делегация Өзбекстан мемлекетінің Наманган, Андижон, Ферғана облыстарындаболып, тәжірибе алмасып қайтқан болатын.
Осы маңызды кәсіпкерлік іс-сапар барысында аудан делегациясы бірқатар кәсіпорындардың жұмыстарымен жан-жақты танысып, біргелікте жұмыстар атқару бойынша келіссөздер жүргізілді. Осыған орай, ауданымыздағы шаруа қожалық басшылары және кәсіпкерлерімен кеңесу және алдағы уақытта атқарылатын инвестициялық жобаларды талқылау, мемлекеттен берілетін жеңілдіктерді түсіндіру мақсатында ауқымды жиналыс өткізілді.
Жиын барысында аудан әкімі Бақыт Асанов көрші мемлекеттің тәжірибесін мысалға ала отырып, өзіміздің өңірде, жеңіл өнеркәсіп саласын, аяқ киім тігу, жиһаздар құрастыру және қатты қалдықтарды қайта өңдеу саласында жұмыстар атқаруымыз қажеттігін айтып өтті. Сондай-ақ, жиын барысында іс-сапармен барып қайтқан жеке кәсіпкерлер мен маслихат депутаттары да өз ойларын жеткізіп, өз ойларымен бөлісті.
Залдан сөзге шыққан азаматтар сонымен қатар, алдағы уақытта халықтың сұранысын қанағаттандырушы инвестициялық жобаларды көбейту мақсатында әрбір ауылдық округтің аумағында тұрақты түрде түрлі кәсіппен айналысатын немесе сонымен айналысқысы келетін жеке кәсіпкерлерді жинап, қажетті мамандардың қатысуымен жиындардың ұйымдастырылуын сұрады.
С.ҚАЛМҰРАТҰЛЫ, Мақтаарал ауданы.
2024-09-06