Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АУДАНЫМЫЗДА 210 ТІК ДРЕНАЖДЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АУДАНЫМЫЗДА 210 ТІК ДРЕНАЖДЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

АУДАНЫМЫЗДА 210 ТІК ДРЕНАЖДЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

        Бүгінде 80 мың гектарға тарта суармалы жері бар Жетісай ауданында ағымдағы жылы 40,8 мың гектарға жуық жерге мақта, 19,7 мың гектар жерге бақша, 3,4 мың гектар жерге көкөніс, 7,3 мың гектар жерге дәндік жүгері мен 6,6 гектар жерге мал азықтық дақылдары егілген болатын.
       Негізгі табысын агросектордан алатын ауданда өнім көлемі мен сапасын арттыру мақсатында тік дренаждарды іске қосу, елді мекендердегі жерасты суын төмендете отырып көгалдандыру, абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Аудандағы жалпы саны 380 дана тік дренажды ұңғымалардың бүгінде 170 данасы тұрақты жұмыс жасап тұр.
        2023 жылдың қазан айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «ҚазСушар» РМК тапсырысымен «Ислам Даму Банкі» қаржысы есебінен басталған 210 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары 2026 жылы толығымен аяқталып, ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде. Себебі, бүгінгі таңда ауданда тік дренаждардың істен шығуының салдарынан жер асты суы қажетті деңгейден жоғары көтеріліп, егістік алқаптарда өнімнің сапасы мен көлемі төмендеген. Жауын-шашында судың жерге сіңуі қиындап, тұрғындар үйіргелік жерлеріне бау-бақша егуден қалған.
        Жоспар бойынша «КиікбайСтройСервис» ЖШС Мақталы, Қызылқұм, Абай ауылдық округтеріндегі 97 дана тік дренажды қалпына келтіру арқылы 16 мың гектар алқаптың мелиоративтік жағдайын жақсарту көзделген болса, «Арт-Құрылыс» ЖШС Ж.Ералиев, Ынтымақ, Ш.Ділдабеков ауылдық округтеріндегі 113 дана тік дренажды қалпына келтіру арқылы, 20 мың гектар алқаптың мелиоративтік жағдайын қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
        Айта кетерлігі  осы уақытқа дейін  «Арт-Құрылыс» компаниясы 113 дана ұңғыманың 60-ын бұрғылап үлгерген. Мердігерлер ұңғымаларды бұрғылаумен қатар, келесі жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 124 шақырымды құрайтын су қашыртқыларын қалпына келтіріліп, 230 шақырым электр жүйелерін қайта іске қоспақ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...