Home » PRESS RELEASE » News » БҰЛ ЭКОНОМИКАМЫЗДЫ ӨРКЕНДЕТЕТІН ЖОБА

БҰЛ ЭКОНОМИКАМЫЗДЫ ӨРКЕНДЕТЕТІН ЖОБА

         Атом энергиясын экспорттаудың арқасын­да экономика гүлденеді, инновациялық жобалар көбейеді әрі дамиды. Атом энергетикасын бейбіт мақсатта қолдана отырып, еліміздің халықаралық аренадағы позициясы нығаяды. Бұған Қытай елі нақты мысал бола алады. Ол елде ең алғашқы атом энергоблогы 1991 жылы іске қосылды. Ол жылдар Қытай үшін қиын жылдар еді. Сондықтан ол құрылысқа қарсы болғандар да шығыпты. Алайда ол ел батыл қадамға баруларының арқасында бүгінде 30 жылда энергия тапшылығынан толығымен құтылып, әлемнің бақуатты елдердің қатарынан орын алды.
         Егер де мамандардың пікіріне құлақ түрсек, атом энер­гиясы қуаттылығы жағынан көмір мен газдан әлдеқайда жоғары, әрі сыртқа аз қалдық шығарады. Сондай-ақ уранның Қазақстанның өз ішінде өндірілуі, қосымша қаржыны талап етпеуі де бұл саланың артықшылығын көбейте түседі. Осы саланың мамандары АЭС-тен алынатын энергия экологиялық ең таза әрі қауіпсіз екенін айтуда. АЭС пайдасына тағы бір дәлел – оның елге бедел сыйлауы. Атом элек­тр стансалары бар мемлекеттер соның ішінде әсіресе, уран өндіру және ядролық отын өн­дірісі бар елдер тек көмір немесе газ энер­гиясына негізделген елдерге қарағанда әлде­қай­да дамыған деп есептеледі. Әлемде эко­но­микасына АЭС пайда әкеліп отырған елдер аз емес. Сол себепті де халықтың мүддесіне сай АЭС жобасын қолға алып жатқан мамандарды қолдау дұрыс деп есептеймін.
          Жоғарыда айтып өткен Қытай еліне оралатын болсам, Бүгінде әлемде ол елдің үшінші буын АЭС-терінің қауіпсіздігі жоғары саналады. 30 жылда бір де бір апат болмапты. Қытайдың үшінші буынға жататын «Хуалонг-1» ядролық станциялары бүгінде әлемге танымал. Жылдық қуаты 1200 мегаватқа дейін жететін энергоблоктары Пәкістанда жұмыс істеп тұр. Бізде егер сол ел тұрғындары секілді батыл қадамға барсақ, келешекте әлемнің басқа елдеріне АЭС-терді  салып жатуымыз да мүмкін ғой.
Мәулен НӘЛІБАЕВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

АУДАНЫМЫЗДА 210 ТІК ДРЕНАЖДЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

        ...

ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

        ...

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАҒЫ 90 ҮЙДІ ТАПСЫРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

        ...

9 ҚЫРКҮЙЕК-АЛАШ ҰРАНЫ КҮНІ

        ...

ПАРЫЗ БЕН БОРЫШТЫ АРҚАЛАП

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ

        ...

БҰЛ ЕҢ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

        ...

ЖУРНАЛИСТ ҮКІМЕТ ҮЙІНЕ КІРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ  

        ...

ӨЗБЕКСТАННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТӘЖІРИБЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

        ...