Home » PRESS RELEASE » News » ЖЕТІСАЙДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

ЖЕТІСАЙДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

          Негізгі күн көрісі ауыл шаруашылығы саласы саналатын аграрлы аймақ – Жетісай ауданының дихандары үшін әрбір күн мен сағатты тиімді пайдалану өте маңызды. Мол табысқа жетуде уақытылы дән сеуіп, дер кезінде минералды тыңайтқыштарды беру, кешіктірмей егістікті сығару үлкен рөл атқарады. Тынымсыз еңбек өз нәтижесін берері де сөзсіз.
         Ала жаздай таңның атысынан кештің батысына дейін егістік алқапта тынымсыз еңбек етіп, еңбексүйгіштіктің озық үлгісін көрсетіп келе жатқан жетісайлық шаруалар мақта терім науқанын бастап та жіберді. Өнімділік те жаман емес.
           Науқанның басталуына орай аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов егістік алқапқа арнайы барып, шаруалармен тілдесті. Қытайлық сорттың өнімділігі мен сапасын көрді. Тиімді тұстарын бірге талқылады.
         Ауданда мақта терім науқанын алғашқы болып бастағандардың бірі осыдан 21 жыл бұрын диханшылыққа ден қойып, несібесін Жер-Анадан жинауды кәсіп еткен Қызылқұм ауылдық округінде орналасқан «Айдар» шаруа қожалығының төрағасы Ербол Айтуғанов.
         Иелігіндегі 14 гектар жерге Қытайдың «60» сортының шитін сепкен шаруа биыл гектарынан орта есеппен 50 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр. Өйткені, бұл сорттың бұған дейінгі мақта сорттарына қарағанда талшығы көп, шиті аз. Агротехникалық шаралары дұрыс жүргізілсе мол өнім алу мүмкіндігі де жоғары. Жаңа сорттың мол өніміне сенім артып, өткен жылы лизингке 1 комбайн мен 3 трактор алған Ербол баға дұрыс болса дегенді айтады.
             «Ағын судан, минералды тыңайтқыштардан биыл қиындық көрмеуіміздің нәтижесінде өнімділік жақсы. Алдын біз «Сұлтан», «Мақтаарал», «Бұқара» деген сорттарды егетін едік. Өнім 20-25 центнерді құрайтын, құрт жейтін. Биыл Қытайдың «60» деген сортын ектік, құрт та жемеді. Гектарынан 50 центнерге дейін өнім аламыз деп жоспарлап отырмыз» дейді «Айдар» шаруа қожалығының төрағасы Ербол Айтуғанов.
         Биылғы жылы ауданның 79,3 мың гектар суармалы жерінің 40,8 мың гектарына мақта шиті егіліп, қазірдің өзінде 200 тоннаға жуық мақта терілген. Науқанға 715 дана тракторлар мен 897 дана трактор тіркемелерін, 61 дана ОВХ мен 232 дана мақта терім машиналарын жұмылдыру көзделген.
           Өткен жылы 45 мың гектарға мақта шитін сеуіп, 122 мың тонна ақ ұлпа жинаған жетісайлық шаруалар биылғы жылы да сол межені орындауға ниетті. Өйткені, өнім сапасын арттырып, ағын суды үнемдеудің тиімді технологиясы саналатын тамшылатып суғару әдісі биылдың өзінде 2 мың гектарға артқан. Оның 300 гектардан астамы мақта дақылын өндірушілердің еншісінде.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

АУДАНЫМЫЗДА 210 ТІК ДРЕНАЖДЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

        ...

ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

        ...

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАҒЫ 90 ҮЙДІ ТАПСЫРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

        ...

9 ҚЫРКҮЙЕК-АЛАШ ҰРАНЫ КҮНІ

        ...

ПАРЫЗ БЕН БОРЫШТЫ АРҚАЛАП

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ

        ...

БҰЛ ЕҢ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

        ...

ЖУРНАЛИСТ ҮКІМЕТ ҮЙІНЕ КІРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ  

        ...

ӨЗБЕКСТАННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТӘЖІРИБЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

        ...