Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ – ОРТАҚ ІС - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ – ОРТАҚ ІС

ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ – ОРТАҚ ІС

        Бүгін Жетісай ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 11.09.2024 жылғы №2586 санды хатына сәйкес «Бүкіләлемдік тазалық күні» (World Cleanup Day 2024) аясында ауқымды сенбілік өтті. Аталмыш сенбілікке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан, кәсіпкерлік нысандар мен еріктілерден 1400-ге тарта адам қатысып, 20 техника жұмылдырылды.
        Негізінен жетісайлықтар облыстық және ауданаралық автомобиль жолдарының бойлары мен көппәтерлі тұрғын үйлердің, саябақтар мен скверлердің, гүлзарлар мен тұрғындар жиі жүретін аймақтарға жасаған санитарлық тазалық жұмыстары барысында 40 тоннаға тарта қатты тұрмыстық қалдықтар шығарды.
       «Біз бүгінде аудан әкімі Серік Үсенұлының тапсырмасымен әр аптада сенбіліктер өткізіп, қоқыс тазалауды емес, керісінше сол қоқыстарды болдырмаудың жолдарын қарастырып жатырмыз. Жер-жерлерде тұрғындармен кездесулер өткізіп, ауыл, көше билерімен бірге түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Тұрғындар көп шоғырланатын жерлерге үнпарақшалар ілудеміз. Көшелерге бейнебақылау камераларын орнатып, белгіленбеген орындарға қоқыс тастағандарға айыппұлдар салынуда» дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...