Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АЭС ҚАЗАҚСТАНҒА НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ? - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АЭС ҚАЗАҚСТАНҒА НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

АЭС ҚАЗАҚСТАНҒА НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

         Жыл өткен сайын өркениеттің жаңа жетістіктері өмірімізге дендеп енуде. Солардың игілігін де көріп те отырмыз. Бірақ, солардың дені электр энергиясына тәуелді. Қарапайым ғана жанар-жағармай бекеті автоматының өзі онсыз жұмыс істемейді. Желіде ақау болып, энергия көзінен ажыраса, қашан қосылғанша күтіп тұрасыз. Жағармайды көлікке шелекпен құя алмайсыз, солай емес пе? Үйіңіз газбен жылытылғанымен жарық өшіп қалса құбыр бойымен су айдайтын насос тоқтап, бөлмелер суи бастайды. Сондықтан бізге тұрақты әрі қолжетімді, экологиялық тұрғыдан таза алынатын электр энергиясы керек. Бұл қажеттілікті АЭС-тер орындай алады.
         Ал, халық тұтанатын тауарларды өндіретін ондаған кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар, коммуналдық қызметтер күніне қаншама энергия қажет ететінін көзге елестетіп қараңыз. Түнімен самаладай жарық шашып тұратын көше жарықтары бар. Олар өшіп қалса не болмақ? Қалалар мен ауылдар өскен сайын олардың сұранысын қамту да қиындай түседі. Әрі көмірмен жұмыс жасайтын электр стансаларының мұржаларынан шыққан түтін ауамызды да бүлдіріп жатыр.
        Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында: «Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек», дейді.
        «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құрып жатқан жаңа Қазақстанда АЭС салу халықтың талқысына түсіп отыр. Әрине, атом электр стансасы дегенде, көз алдымызға Чернобыль апаты келетіні айдан анық. Бірақ, одан бері қырық жылға жуықтады ғой. Бүгінгі жаңалық ертең ескіріп жатқанда, атом саласында ештеңе өзгермей, бәрі солай қалмаған шығар. Мысалы, осыдан отыз жыл бұрынғы автокөлікпен, қазіргілерін салыстырып қарайық. Айырмашылығы жер мен көктей. Ғалымдардың пайымдауынша қазіргі заманауи атом электр стансаларын салғанда бұған дейін жіберілген қателіктер қайталанбайды. Бәрі ескеріліп, қауіпсіздік толықтай сақталады.
         Жалпы, атом энергиясы сарқылмас қуат көзі екенінен хабардармыз. «Темірді қызған кезде соқ», деп халқымыз айтқандай, АЭС салу мүмкіндігі туындап тұрғанда соны пайдаланып қалғанымыз дұрыс.
Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ,
Қоғамдық-саяси «Мақтаарал» газетінің бас редакторы, Мырзакент кенті.  

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...