АЭС САЛЫНСА ОҒАН ҚАНДАЙ РЕАКТОРЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ?
Posted by: Қалмұрат
in News, Өзекті мәселе, Саясат, Экономика
23/09/2024
12 Views
Егер де алдағы алдағы сайлауда азаматтарымыз елімізде АЭС салуға өз ризашылықтарын білдірсе, онда Балқашта салынатын АЭС-ке қандай реактор түрін таңдалады? Бұл жөніңнде сарапшы, атом энергиясы институтының реактордан тыс сынақтар бөлімінің бастығы Асан Ақаев өз пікірін айтты.
– Бұл маңызды құрылыс үшін ІІІ және ІІІ + буын реакторлары қарастырылады. Осы реакторлар мүмкіндігінше қауіпсіз. Бір-бірін қайталайтын пассивті және белсенді қауіпсіздік жүйелері бар. Пассивті қауіпсіздік жүйелері сыртқы энергияны қажет етпейді әрі табиғи физикалық заңдардың әсеріне қабілетті. Мысалы, ауырлық күші реакторды қауіпсіз күйге келтіру үшін оператор қателескен жағдайда немесе әрекетсіздік орын алса да оң нәтижесін береді. Пассивті салқындату жүйелері қазіргі уақытта персонал тарапынан толық әрекетсіздік кезінде 3 тәулік ішінде апаттық реактордан жылуды дербес бұруға қабілетті, – деп түсіндірді сарапшы.
Мамандандырылған физикалық кедергілердің жиынтығы, апатқа қарсы әрекет ету шараларының кешені қазіргі заманғы АЭС-тің терең эшелондалған қорғанысын құрайды. Ядролық бөліну реакциясы кезінде пайда болатын радионуклидтердің шығуына алғашқы физикалық кедергі – ядролық отынның өзі. Осы тұстағы нәзік байланысты ұғынуымыз қажет. Екінші тосқауыл – ядролық отын орналасқан отын бөлетін элементтің герметикалық металл қабығы. Ал қалыңдығы шамамен 20 см. болат реактордың корпусы үшінші тосқауыл болады. Төртінші тосқауыл – бастапқыда 8 балдық жер сілкінісіне, су тасқынына және тіпті сағатына 720 шақырым жылдамдықпен ұшатын 400 тонналық ұшақпен соқтығысуға төзімді қос герметикалық контаймент.
Сол себепті де мамандар көпшілікті АЭС мәселесінде алаңдамауға шақыруда.
Аманбай САРБАСОВ,
Жетісай ауданы.
2024-09-23