Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЕЛІМІЗДЕ АЭС САЛУ – ЭНЕРГИЯ ТАПШЫЛЫҒЫНАН ҚҰТҚАРАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЕЛІМІЗДЕ АЭС САЛУ – ЭНЕРГИЯ ТАПШЫЛЫҒЫНАН ҚҰТҚАРАДЫ

ЕЛІМІЗДЕ АЭС САЛУ – ЭНЕРГИЯ ТАПШЫЛЫҒЫНАН ҚҰТҚАРАДЫ

         ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында 6 қазанда АЭС құрылысы бойынша ұлттық референдум өтетінін хабарлады. Бұл референдум – елдің стратегиялық шешімдер қабылдаудағы халықтың пікірін ескеру бағытында жасалған нақты қадам. Алдағы таңдау еліміздің энергетикалық болашағын айқындайтын маңызды шешім болары анық.
         Қазіргі энергетикалық қуатымыз әлі де көмірге тәуелді. Бұл елдің экономикалық дамуына кері әсер етіп қана қоймай, экологиялық тұрғыдан да үлкен қауіп төндіріп отыр. Елдегі электр энергиясының 57%-ы көмірден, 29%-ы табиғи газдан өндіріледі, ал жаңартылатын энергия көздеріне небәрі 13% тиесілі. Мұндай жағдай энергияны әртараптандыру мен экологиялық таза технологияларға көшудің қажетті­лігін айқын көрсетеді.
        Елімізде АЭС салу қажеттілігі бір­неше себепке байланысты. Біріншіден, елдің экономикалық өсуі мен халық санының артуы электр энергиясына деген сұранысты арттырып отыр. Екін­ші мәселе – елдегі ескірген энергетика­лық инфрақұрылымның тозуы. Әсіресе көмірмен жұмыс істейтін стансалар эколо­гиялық және экономикалық тұрғы­дан тиімсіз болып барады. 2023 жылы Қазақстан Ресейден 3,4 млрд кВт/сағ электр энергиясын импорттап, бұл ел­дегі электр энергиясының 20%-ын құра­ды. Осыған байланысты АЭС тұрақ­ты әрі сенімді энергия көзі ретінде қарас­ты­рылып отыр. Үшіншіден, АЭС-тің құры­лысы Қазақстанның көмір мен газға тәуелділігін төмендетіп, атмосфераға бөлінетін көміртегі шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай стансалар экологиялық таза әрі тұрақты энер­­гия көзі ретінде елдің парник­тік газ­дар­ды азайту бойынша халықара­лық міндеттемелерін орындауына көмек­теседі.
         Осы орайда мемлекетіміздің уран қоры бойынша әлемдегі жетекші елдердің бірі екенін атап өткен жөн. 2022 жылы еліміз әлемдік уран өндірісінің 43%-ын қамтамасыз еткен. Бұл елдің атом энергетикасын дамытуға қолайлы жағдай жасайды. АЭС-тің артықшылықтарының бірі – жоғары қуат тиімділігі (90%), бұл оны жел энергиясынан (25-35%) әлдеқайда тұрақты етеді. 1 154 МВт қуат өндіретін бір АЭС миллион халқы бар қаланы бір­неше ондаған жыл бойы энергиямен қам­тамасыз ете алады.
         Сонымен   қатар атом энергетикасы ел экономикасына да оң әсерін тигізеді. Мысалы, Францияда атом өнеркәсібі 457 200 жұмысорнын қам­тамасыз  етеді. Қазақстан өзінің уран қоры мен энергетикалық қажеттіліктерін ескере отырып, атом энергетикасының әлеуетін тиімді пайдалана алады.
        Әлемде атом электр стансаларын (АЭС) салу тәжірибесі көптеген ел үшінэнер­гияның сенімді әрі экологиялық таза көзі ретінде қарастырылады. Бүгінгі таңда әлембойынша 64 ядролық реактордың құры­лысы жүргізіліп жатыр, мұның шамамен үштен бірі – Азия елдерінде. Бұл жобалар негізінен Қытай, Оңтүстік Корея және Үндістан сияқты елдерде жүзеге асырылып жатыр.
        АҚШ-та қазір 92 атом реакторы жұмыс істейді. Ал Оңтүстік Кореяда 24 реактор елдің шамамен 30%-ға жуық энергиясын қамтамасыз етеді. Қытайда 27 жаңа реактор салынып жатыр. Елімізге халықаралық тәжіри­бені ескеру және атом энергетикасын дамыту барысында экологиялық қауіп­сіздікті қамтамасызетумаңызды. Бұл тек технологиялық тұрғыдан дайындықты ғана емес, сонымен бірге қоғамның сенімін арттыру мен әлеуметтік жауап­кер­шілікті қамтамасыз етуді талап етеді. Егер біз АЭС салмасақ, энергия тапшылығы артып, елдің сырт­қыкөздерге тәуелділігі кү­шейеді. Сондықтан АЭС  салу еліміздің энер­гетикалық қауіпсіздігі мен эколо­гиялық тұрақтылығы үшін маңызды мәселе.
З.ҚОЖАБЕРГЕНОВА,
Атакент кентінің отбасылық дәрігері.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...