АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ
Posted by: Қалмұрат
in Өзекті мәселе, Саясат, Экономика
23/09/2024
11 Views
Жақында 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өтпек.
Сарапшылардың айтуынша, атом энергетикасын дамыту мәселесінде жан-жақты, пысықталған ұстаным қалыптастыру аса маңызды. Ол үшін ең алдымен, энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне, жобаны дайындау кезеңдеріне ерекше назар аудару керек. Үкіметтің тапсырмасы бойынша АЭС-ке қатысты екі орналастыру ауданы қаралып отыр. Екеуі де атом электр стансасын орналастыруға жарамды. Сарапшылардың айтуынша, Үлкен ауылының ауданы тіптен қолайлы. Негізгі сұрақ болып отырған реактор түрін таңдауға қатысты сарапшы, атом энергиясы институтының реактордан тыс сынақтар бөлімінің бастығы Асан Ақаев өз пікірін айтты.
– Бұл маңызды құрылыс үшін ІІІ және ІІІ + буын реакторлары қарастырылады. Осы реакторлар мүмкіндігінше қауіпсіз. Бір-бірін қайталайтын пассивті және белсенді қауіпсіздік жүйелері бар. Пассивті қауіпсіздік жүйелері сыртқы энергияны қажет етпейді әрі табиғи физикалық заңдардың әсеріне қабілетті. Мысалы, ауырлық күші реакторды қауіпсіз күйге келтіру үшін оператор қателескен жағдайда немесе әрекетсіздік орын алса да оң нәтижесін береді. Пассивті салқындату жүйелері қазіргі уақытта персонал тарапынан толық әрекетсіздік кезінде 3 тәулік ішінде апаттық реактордан жылуды дербес бұруға қабілетті, – деп түсіндірді сарапшы.
Мамандандырылған физикалық кедергілердің жиынтығы, апатқа қарсы әрекет ету шараларының кешені қазіргі заманғы АЭС-тің терең эшелондалған қорғанысын құрайды. Ядролық бөліну реакциясы кезінде пайда болатын радионуклидтердің шығуына алғашқы физикалық кедергі – ядролық отынның өзі. Осы тұстағы нәзік байланысты ұғынуымыз қажет. Екінші тосқауыл – ядролық отын орналасқан отын бөлетін элементтің герметикалық металл қабығы. Ал қалыңдығы шамамен 20 см болат реактордың корпусы үшінші тосқауыл болады. Төртінші тосқауыл – бастапқыда 8 балдық жер сілкінісіне, су тасқынына және тіпті сағатына 720 шақырым жылдамдықпен ұшатын 400 тонналық ұшақпен соқтығысуға төзімді қос герметикалық контаймент.
«Ядролық физика институты» сарапшысы Д.Бөргеков мамандарды даярлау да өзекті мәселе деп отыр. Қазір институт ядролық физика саласында мамандар даярлайтын елдің төрт оқу орнымен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Олар – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразияұлттықуниверситеті, С.Аманжолов атындағы ШығысҚазақстан университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті. Осы жоғары оқу орындарының студенттері институтта ғылыми-практикалық тағылымдамадан өтуге, өз ғылыми жұмыстарын жасауға, оқудан бос уақытында қондырғыларда жұмыс тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік алады.
Сонымен қатар институт қызметкерлері бүкіл әлемге танымал «MIT», «CERN» сияқты ғылыми ұйымдарда тағылымдамадан өтіп, бірлескен зерттеу жүргізеді. Тек кейінгі 5 жылдаядролық физика институты 30-дан астам PhD, ал өзінің барлық қызметі үшін докторантура, кандидат және PhD ғылыми дәрежелері бар 300-ден аса ғалымды даярлады.
Энергетика министрлігінің өкілі Гүлмира Мұрсаловаеліміздіңэ нергетикалық секторы дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды теңестіруге ұмтылып, белсенді дамып келе жатқанын айтты. Бүгінде еліміздегі электр энергиясын өндірудің негізгі үлесі жалпы өндірістің 66%-ын қамтамасыз ететін көмір стансаларына тиесілі. Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) секторы айтарлықтай өсіп жатыр. 2023 жылдыңқорытындысы бойынша ЖЭК өндіру үлесішамамен 6%-ғажетті.
– Елдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өнеркәсіп пен экономиканы тұтастай дамыту үшін тұрақты энергия көздерін салу қажет. Қазірдің өзінде ең жоғары сағаттарда тапшылықты сезінеміз және шекаралас елдерден электр энергиясын жоспарлы түрде сатып аламыз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру 112,8 млрд кВт сағатты құрады, содан кейін тұтыну 115 млрд кВт сағатболды. 2 млрд кВт сағаттан астам энергия немесе 2023 жылы жалпы электр энергиясын тұтынудың шамамен 2%-ы Ресейден сатып алынды. Осы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша электр энергиясын тұтыну көлемі 60 млрд кВт сағатболды, оның 1 млрд кВт сағаты көршілерден сатып алынды, – деді ол.
Энергетикалық қауіпсіздік саласындағы сарапшы, «Қазақстанның энергетикалық аспектілері» зерттеу орталығының директоры Алмаз Әбілдаевтыңпікірінше, АЭС құрылысы көптеген мүмкіндікке жол ашады. Ең бірінші кезекте барлық заманауи экологиялық үрдістерді ескере отырып, ауаға шығарындыларды азайту арқылы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
М.КЕРІМБЕКОВА,
Мақтаарал мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі.
2024-09-23