АЭС-КЕ ҚАЖЕТТІ МАМАНДАР ЖЕТЕРЛІК
Posted by: Қалмұрат
in Өзекті мәселе, Саясат, Экономика
27/09/2024
2 Views
Елімізде соңғы жылдары энергия тапшылығы айқын сезіле бастады және бұл көрсеткіш жыл сайын үш пайызға өсіп отыр.
2035 жылы Қазақстанның энергия қажеттілігі 26 ГВТ-қа жетеді. Сондықтан ең таза энергия көзі ретінде бүгінде АЭС салу қарастырылуда. Жаңартылған энергия көздеріне көшу туралы да айтылып жатыр. Алайда, баламалы энергия көздері еліміздегі энергия тапшылығын жаба алмайды. Сондықтан негізгі энергия көзі ретінде АЭС салуды қолға алу қажет.
Осы жерде еліміздің атом энергетикасын дамытудағы ғылыми-техникалық әлеуеті зор екенін де айта кеткен жөн. Республикамызда атом энергетикасы саласында жақсы дамыған ғылыми-техникалық инфрақұрылым, іргелі және қолданбалы сипаттағы ең күрделі міндеттерді шешуге қабілетті жоғары білікті ғылыми кадрлар бар.
Қазақстанның 4 жоғары оқу орны атом саласы үшін мамандарды даярлайды. Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап «Атом өнеркәсібі», «Атом ядросы мен бөлшектері физикасы», «Техникалық физика (Атом электр стансалары мен қондырғылары), «Ядролық инженерия» мамандықтары бойынша 21 бакалавр, 12 магистр және 1 маман білім алды.
Сәкен ӘШІРБЕК,
Жетісай ауданы.
2024-09-27