Home » PRESS RELEASE » News » АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН

АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН

       
        Осыдан тура 30 жыл бұрын, 28 қыркүйекте тәжік-ауған шекарасында қазақстандық шекарашы Раджан Батырқанов ерлікпен қаза тапты. Шекара бұзған содырлармен болған күші тең емес ұрыста командирі мен қаруластарының өмірін сақтап қалу үшін содырлардың оғын өзіне бұрған Раджанның ерлігі мәңгі ұмытылмайды.
         Бүгінде кіші сержант Р.Батырқановтың есімін еншілеген шекара бөлімшесі жас шекарашы сарбаздарды батырлық пен патриоттыққа үндейтін тәрбие орталығына айналған. Өзі туған Қатонқарағайда көше мен мектептегі мүйіс батырдың есімімен аталады.
      Ал осынау ерлік қалай жасалып еді? 1994 жылғы 28 қыркүйекте Хаким бандасының екі жүзден астам қарулы содыры 9 автокөлікпен Тәжікстанның Хорог қаласы маңындағы мемлекеттік шекарасын кесіп өтіп, Ауғанстанға өтуге бет алады. Олардың жолына 38 қазақстандық және ресейлік шекарашы тосқауыл болып тұрады.
        Соғысқа бірінші болып кірген ресейлік офицер Константин Селюк пен Раджан Батырқанов қаруластарына моджахедтерге тылдан шабуылдауға мүмкіндік береді. Алайда ұрыста ауыр жарақаттанған Раджан көп қан жоғалтып, есін жимастан қайтыс болды. Ұрыстың нәтижесінде моджахедтер жойылып, содырлардың кепіліндегі адамдар құтқарылды.
        Көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін кіші сержант Р.Батырқанов қаза тапқаннан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Мінеки, мұның барлығы да Отанды шексіз сүюдің жарқын үлгісі болып табылады. Ал Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, батыр шекарашы Тәжікстан Республикасының жоғары наградасы І дәрежелі «Спитамен» орденінің иегері атанғаны туралы сүйінші хабардың жеткеніне де үшінші жылдың жүзі болып барады.
        …2024 жылдың 28 қыркүйегінде еліміздің түкпір-түкпірінде шекарашы Р.Батырқановтың есімін ұлықтап, ерлігіне тағзым етуге арналған шаралар өтті. Солардың бір парасын ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті де ұйымдастырған. Шекарашы ардагерлер мен жеке құрам Мәңгілік алау басына гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысының батырларына, сондай-ақ Тәуелсіздік жылдары ерлікпен  қаза тапқан шекарашылардың рухына тағзым жасаған соң, №102 орта мектебінің оқушылары «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының қатарына кіру үшін ант қабылдады.
        Айта кетерлігі, бүгіннен бастап, аталған мектептің 7 «Ә» сыныбы Р.Батырқановтың есімімен аталғаны туралы ақжарма хабарды департамент бастығының орынбасары полковник А.Мұналбаев мәңгілік алау басына жиналған көпшілікке толқи тұрып жеткізді.
        Бұдан әрі жас патриоттар Армия үйіне барып, И.Панфилов мұражайын аралап көрді.
         Иә, Отанға деген шынайы сүйіспеншілік сезімі шекарашыларымызды бейбіт күнде де ерлік істерге бастайды. ҰҚК Шекара қызметінің хас батырына айналған Раджанның 1994 жылы 28 қыркүйекте жасаған ерлігі – сөзіміздің жарқын үлгісі.
Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі.

 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

ОФИЦЕР АТАНҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕР АЗ ЕМЕС

        ...

ӨЗДЕРІН ДҮЛДҮЛ СЕЗІНІП…

        ...

ӘЖЕЛЕР РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНЕ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛІП ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

        ...

ТҮРЛІ СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

        ...

МАҚТААРАЛДЫҚТАР АЭС-КЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

        ...

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ МОЛ

        Бүгінгі ...

ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛЕДІ

        ...

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

        ...

ҰСТАЗЫМ – ҰЛАҒАТТЫМ, ҮЛГІ – ӨНЕГІМ

Мақтаарал ауданының орталық мәдениет ...