Home » Қоғам » Өзекті мәселе » ОРЫНСЫЗ ҚОРҚА БЕРУДІҢ ҚАЖЕТ ЖОҚ

ОРЫНСЫЗ ҚОРҚА БЕРУДІҢ ҚАЖЕТ ЖОҚ

         АЭС дегенде өкінішке орай көпшіліктің естеріне міндетті түрде бірден Чернобыл мен Фукусимадағы апаттар түседі. Ал кейбірінің саналарында сол ұғым жатталып қалғандары соншалықты, міндетті түрде АЭС атаулыны бәрі жарыла беретіндей елестей береді.
          Бұл фобияны жоятын уақыт келген сияқты. Сол азаматтар неге екені Украина елі тәуелсіздікке қол жеткізген соң  өзіндегі АЭС атаулыны жауып тастамай қайта атомдық реакторлардың санын көбейткені туралы ойланбайды екен? Нәтижесінде бүгінде ол ел атомдық реакторларының саны бойынша әлемде 10 орында тұрса, Еуропада 1 орын алады. Қазір бұл елде соғыс жүріп жатса да орыстар басып алған Запорожедегі АЭС-тен басқасы қалыпты жұмыс істеп тұр. Олар «Орыстар біздің АЭС-терімізді 1 зымыранмен-ақ құртып тастай салады!» деп шошып, соғыстың алғашқы күні-ақ олардың бәрін өшірген жоқ. Барлық реакторлары МАГАТЭ-нің бақылауында қалыпты жұмыс істеуде. Айтпақшы Жапонияда да Фукусимадан кейін атом энергетикаына толық тиым салынған жоқ. Қазір сол елде 12 атомдық реактор энергия өндіруде…
          Украинаның көршісі Түркия елі де қазір әлемдегі алып АЭС-тердің бірін салуда. Олар да «Көршімізде соғыс жүруде, егер бір зымыран қателесіп, біз жаққа өтіп кетсе, не болада?» деп шошынып отырған жоқ. Қайта АЭС ті ертерек бітіру үшін барын салуда.
          Көрші демекші Орта Азиядағы халқы көп ел саналатын Өзбек елі де бүгінде АЭС салуда. Сол құрылыста біздің қандастарымыздың да жұмыс істеп жатқанын естудеміз. Бұл жерде  өзбектердің неге «Егер бір жағдай болып қалса, бірден жүз мыңдаған азаматымыз апат аймағында қалады-ау!» деп өмірден түңіліп отырмағаны скептиктерді ойлантпауда.
         Егер басқа елдер өз істеріне сенімді болса, онда біз неге шошынып, «қыр астындағы қасқыр әне келеді, міне келеді» деп алаңдай беруіміз керек? Ондай жағдайда экономикамыз ғана емес, еліміздің де алға жылжуы қиын-ау.
Берік ЗАЙТҰЛЫ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

ОФИЦЕР АТАНҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕР АЗ ЕМЕС

        ...

ӨЗДЕРІН ДҮЛДҮЛ СЕЗІНІП…

        ...

ӘЖЕЛЕР РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНЕ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛІП ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

        ...

ТҮРЛІ СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

        ...

МАҚТААРАЛДЫҚТАР АЭС-КЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

        ...

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ МОЛ

        Бүгінгі ...

ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛЕДІ

        ...

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

        ...

ҰСТАЗЫМ – ҰЛАҒАТТЫМ, ҮЛГІ – ӨНЕГІМ

Мақтаарал ауданының орталық мәдениет ...