АРХИВ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Жаңалықтар, Мерекелік шара, Саясат
30/09/2024
3 Views
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті 2022 жылғы 26 тамыздағы Архив мекемелерімен республикалық кеңесі хаттамасының 4-тармағына және 2022 жылғы 5 қыркүйекте бекітілген тұжырымдамаға сәйкес жыл сайын 21 қыркүйек күні «Архив және болашақ ұрпақ» жобасын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.
Осы жоба аясында Мақтаарал ауданы, Атакент кентінде орналасқан Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінде 2024 жылдың 20 қыркүйегінде сағат 10:00-18:00 аралығында «Ашық есік» күні өткізілді. Ашық есік күніне Түркістан облысының білім басқармасының «Мақтаарал аграрлық колледжі», Түркістан облысының білім басқармасының «№ 14 колледжі», Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ, Мақтаарал аудандық білім бөлімінің «№ 5 Мақтаарал-мектеп гимназиясы» КММ, «Қ.Сәтбаев атындағы № 6 жалпы орта мектебі» КММ, «В.Комаров атындағы № 7 жалпы орта мектебі» КММ және А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебі» КММ ұстаздары, студенттері мен оқушылары қатысты. Қатысушыларға архив қызметінің қоғамда алатын орны, міндеттері мен мақсаттары түсіндірілді, архив қызметкерлерінің күнделікті тыныс тіршілігімен, қор сақтау қоймаларындағы құжаттардың орналасу және сақталу тәртіптерімен танысты. Архив қоймаларына экскурсия жүргізіліп, құжаттар көрмесі ұйымдастырылды.
Мақта және бақша шаруашылығы тәжірибе станциясының ғылыми қызметкерлері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Амандық Қостақов пен Асанбай Тағаев және Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп интернатының кадр бөлімнің инспекторы Н.А.Мамбетов пен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Нурмаганбетов архив саласының қызметкерлеріне осындай ігі шараны жылда өткізіп тұрғандары үшін ризашылықтарын білдірді.
Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» тақырыбындағы өткен ашық есік күніне жалпы 100-ден астам адам қатысты.
Пакизат КАДЫРБЕКОВА,
Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің архивисі.
2024-09-30