МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ, МАҢЫЗДЫ ҚАДАМҒА ЖОЛ ТАРТУЫМЫЗ ҚАЖЕТ
Posted by: Қалмұрат
in Business, Кәсіпкерлік, Саясат, Экономика
02/10/2024
5 Views
Еліміз атом энергетикасы саласындағы әлеуеті зор ойыншы ретінде, әсіресе энергияға деген өсіп келе жатқан қажеттіліктер мен елдің көміртегі шығындыларын азайту және неғұрлым тұрақты энергия көздеріне көшу жөніндегі өршіл жоспарларын ескеруі керек.
Атом электр салуды референдумда жан-жақты талдап шешім қабылдау негізгі оқиғаға айналып отыр. Дүниежүзі бойынша уран қорларына ие Қазақстан тарихи тұрғыдан тәжірибесі жеткілікті. Сонымен қатар көмірге деген тәуелдікті азайтады.
Осы тұрғыда референдумның басты мақсаты халықтың пікір түсіну болып табылады.АЭС құрылысын салу жөнінде қоғамда түрлі көз қарастар бар. Бір тарап –энергия секторын жаңартып, жаңа жұмыс орындары ашылатындығын айтса, бір тарап қауіпсіздік пен экологиялық салдарға қатысты алаңдаушылық.
Референдум өткізер алдында тұрғындар АЭС құрылысының барлық аспектілерін, технологияларын, қауіпсіздік шаралары және экология мен денсаулық үшін ұзақ мерзімді салдарлар туралы хабардар болуы маңызды.
Референдумда халықтан қолдау тапқан жағдайда Қазақстан АЭС құрылысын салудағы заманауи технологиялармен тәжірибе жасап жатқан елдердің қатарына кіре алады.
Қалмырза БЕЙСЕМБАЕВ,
Мақтаарал ауданының мәслихатының депутаты.
2024-10-02