БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Жаңалықтар
03/10/2024
7 Views
Күз айындағы әскерге шақыру науқанының аяқталып, Шекара қызметінің сапын толықтырушылар алғашқы әскери даярлықтан өтіп, шекароашылық шеберліктерін шыңдауға кірісіп кетті.
Лайықты бағасын беру керек, «Күз – 2024» шақырылымының жас сарбаздарын алда тамаша мүмкіндіктер күтіп тұр. Ел шебіндегі қызметтеріне асқан жауапкершілікпен қараған шекарашы «Срочник 2.» бағдарламасы арқылы еліміздегі өзі таңдаған жоғары оқу орнына түсе алады. Сондай-ақ, әскерге дейін алған арнаулы-орта білімі бар сарбаз келісімшарт негізінде әскери қызметке қалғысы келген жағдайда, ол бұған бір жылдан кейін емес, небәрі тоғыз айдан кейін қол жеткізеді. Ал отандық немесе шетелдік әскери жоғары білім ошақтарына оқуға түскісі келетін жас жігітке мүндай мүмкіндік алты айдан кейін беріледі…
Міне, осы аптада Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының Ақжардағы базасында болған департамент бастығының орынбасары полковник А.Мұналбаев әскери өмірдің алғашқы әліппесімен танысуды бастап кеткен сарбаздармен болған кездесуде осындай тамаша жаңалықтармен бөлісті. Жас жігіттердің болашақтарына бағыт-бағдар беретін мүмкіндіктер өз кезегінде сарбаздарды елең еткізбей қойған жоқ еді.
Департаменттің бас тәрбиешісі Арнұр Маханбетұлын мұқият тыңдаған болашақ шекарашылардың арасынан сұрақ қоюшылар аз болған жоқ. Оларды ҰБТ-сыз түсу және отандық пен шетелдік оқу орнына қалай түсудің тәртіптері қызықтырған.
Сонымен қатар, полковник А.Мұналбаев сарбаздарға шекара мен шекарашы мамандығының маңыздылығын түсіндіре келіп, Отан қорғау – қастерлі борыш екенін қадап айтқан сардар: «Мешкей деген жақсы ат емес, сендерді үйде ата-ана, туғандарың күтіп отыр. Сендерге сенеді. Біз де Отанымыздың берік қорғандары деп, өздеріңе зор сенім артамыз. Осы сенімге селкеу түсірмей, азаматтық борыштарыңды адал атқарыңдар. Бір-біріңе бауырмал, дос болыңдар. Жақсы оқыңдар, командирлеріңнің бұйрығын орындап, шекарашылық шеберліктеріңді шыңдаңдар. Жақсы сарбаз болу – өз қолдарыңда!», деді.
Қараша айында жас сарбаздарды ант қабылдау секілді маңызды сәт күтіп тұр. Сондықтан, шекарашы болуды қалаған болашақ Отан қорғаушыларға оқу орталығында, далалық полигонда тер төгулеріне тура келеді.
Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі.
2024-10-03