Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ӨЗДЕРІН ДҮЛДҮЛ СЕЗІНІП... - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ӨЗДЕРІН ДҮЛДҮЛ СЕЗІНІП…

ӨЗДЕРІН ДҮЛДҮЛ СЕЗІНІП…

       
       Біздің шекарашылар жақында «Шалқар» радиосының қасиетті шаңырағында қонақта болып қайтты. Бағдарлама жүргізушісінің сауалдары «Күз – 2024» шақырылымының сарбаздарына арналған. Қуанарлығы, Отанына адал қызмет етуге ант беріп, шекарашы атануға дайындалып жүрген жас партиоттарымыз да тосылған жоқ.
          Өкінішке орай, қазіргі қоғамда әскерилер туралы жағымсыз пікір қалыптасқан. Бұған Қарулы күштердегі әлімжеттіктің құрбаны болған сарбаздар мен өз-өзіне қол салған әскери қызметшілер туралы деректер себеп. Әрине, «мешкей деген жақсы ат емес», дегенмен бұл – шекарашы атануды жүрегімен қалаған жас жігіттердің қадамына кедергі келтіре алмайды деген сенімдеміз. Сондықтан да біз қалың жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын радиосына айналған Шалқардың небір танымал тұлғалар мен жарық жұлдыздар болған шаңырағына осындай сарбаздарды алып барып, көпшілікпен таныстыруды шешкен едік.
          Олар – ҰҚК Шекара қызметің Алматы облысы бойынша департаменті бастығының тәрбие,идеологиялық және кадр жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник А.Мұналбаев бастаған қатардағы жауынгерлер: Сенім Алдияр, Ерасыл Әбдіхан және Жалғас Асқарбековтер. Обалы нешік, біздің болашақ патриоттар небір дүлдүлдерге ұсынылған микрофонның алдында тосылған жоқ. Бағдарлама жүргізушісі Гүлбағыш Бостанованың қойған көкейкесті сауалдарына тұщымды жауап беріп отырды.
         Лайықты бағасын беру керек, Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының техникалық және кәсіби даярлық бөліміне түскен аталған жауынгерлердің алға қойған мақсаттары бар. Мәселен, Қызылорда қаласында туып-өскен Сенім әскерден кейін Шекара қызметінің жолдамасымен, Түркия еліндегі медициналық академияға түсіп, білім алғысы келеді. Ал Түркістан облысының Жетісай ауданынан әскерге шақырылған Ерасыл болса, өзінің саналы ғұмырын шекараға арнауды шешіпті. Жас жігіт өзінің мұндай шешімін әскерилер шаңырағында дүниеге келуімен байланыстырады. «Мен Шекара академиясына түсіп, шекарашы офицер атанғым келеді. Мақсатыма жету үшін орта жолда тоқтап қалмауға тырысамын», дейді ол. Қатардағы жауынгер Жалғастың таңдауы да жаман емес. Өзінің Абай елінен екенін айтқан ол әскерден кейін Шекара қызметінің сапында келісімшарт негізінде қалғысы келетінін жасырған жоқ.
         … Қазірзі заманның жастары еркін, батыл. Сондықтан, оларға «сен былай деп айт!», деп «жол»көрсету, біздің тарапымыздан жосықсыздық болар еді. Керісінше, бағдарламаның талабын ескерген біз олардың әскери орта туралы ойларын ашық айтқанын қаладық. Бұл – бір жағынан Шекара қызметінің оның ішінде Алматы облысы бойынша департаментінің шекара басқармаларында жауынгерлердің Әскери Жарғы талаптарын белден басып, бір-біріне әлімжеттік жасауы, өзінің қызмет орнын өз бетімен тастап кету, командирінің бұйрығына бағынбау секілді келеңсіз оқиғалардың ада-күде жоқ екенін көрсету болатын.
         Сарбаздар жарады. Журналистің әскердегі әлімжеттік туралы сұрағына мүлтіксіз жауап берумен шектелген жоқ. Өздерінің шекарашылар сапына өз еріктерімен сұранып келгендерін, өйткені, ел шебін күзету – әр азаматтың Отан алдындағы борышы екенін қадап тұрып айтты. Әрі, шекарашы атану – мақтаныш екенін айтуды да ұмытқан жоқ. Обалы нешік, көпті көрген сардар Арнұр Мұханбетұлы да шекара ме шекарашылар туралы әріден әңгіме қозғап, жақсы әсерге жетелеп отырды.
          Міне, «Шалқар» радиосының киелі шаңырағында өткен салиқалы сұқбат өз мәресіне жетіп, журналист жас қонақтарға алғыс білдірген соң оларды естелікке суретке түсуге шақырды. Ал көздері оттай жайнаған шекарашылардың мұндай тамаша мүмкіндікті қағыс қалдырмағандарын айтып жату – артық болар еді!
Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...