Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

         Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес Жетісай ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мақта алқаптары мен мақта зауыттарында, мақта қабылдау пунктерінде болып, шаруалармен тілдесті.
           Нұрбол Әбдісаттарұлы негізгі табысын агросектордан алатын ауданда өнім көлемі мен сапасын арттыру мақсатында тік дренаждарды іске қосу, елді мекендердегі жерасты суын төмендете отырып көгалдандыру, абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
         Жалпы саны 380 дана тік дренажды ұңғымалардың 170-і ғана тұрақты жұмыс істеп тұрған ауданда өткен жылдың қазан айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «ҚазСушар» РМК тапсырысымен «Ислам Даму Банкі» қаржысы есебінен 210 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары басталып, 2026 жылы толығымен ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде.
         Жоспар бойынша «КиікбайСтройСервис» ЖШС тарапынан Мақталы, Қызылқұм, Абай ауылдық округтеріндегі 97 дана тік дренажды қалпына келтіру арқылы 16 мың гектар алқаптың мелиоративтік жағдайын жақсарту көзделген болса, «Арт-Құрылыс» ЖШС тарапынан Ералиев, Ынтымақ, Ш.Ділдабеков ауылдық округтеріндегі 113 дана тік дренажды қалпына келтіру арқылы 20 мың гектар алқаптың мелиоративтік жағдайын қайта қалпына келтіру көзделуде.
          Қазірдің өзінде «Арт-Құрылыс» компаниясы 113 дана ұңғыманың 60-ын бұрғылап үлгерген. Мердігерлер ұңғымаларды бұрғылаумен қатар келесі жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 124 шақырымды құрайтын су қашыртқыларын қалпына келтіріп, 230 шақырым электр жүйелерін қайта іске қоспақ.
         80 мың гектарға тарта суармалы жері, 10 мыңға жуық шаруа қожалығы бар ауданда биылғы жылы 40,8 мың гектар жерге мақта, 19,7 мың гектар жерге бақша, 3,4 мың гектар жерге көкөніс, 7,3 мың гектар жерге дәндік жүгері мен 6,6 гектар жерге мал азықтық дақылдар егілген. Өткен жылы 45,2 гектар алқапқа мақта дақылын егіп, 122 мың тонна өнім алған шаруалар биыл 106 мың тонна ақ алтын жинауды жоспарлап отыр. Бүгінде күзгі жиын-терім науқаны басталғалы 21 993 гектар мақталық алқап теріліп, 50 102 тонна мақта өнімі жиналған.
            321 шаруа қожалығы 1200 га. жерден жылына 2 рет өнім алу жобасын іске асырса, жылыжайлар мен парниктердің жалпы көлемі 23 гектарға, мақта, көкөніс, бақша, жеміс-жидек және жүзім дақылдарындағы тамшылатып суғару технологиясын енгізу 2800 гектарға жеткен.
         Сонымен қатар, мақта жинау науқанына байланысты ауданда жұмыс істеп тұрған 7 мақта өңдеу зауыттарының 77 мақта қабылдау бекеттері бар. Оның 53-і аудан аумағында орналасқан мақта өңдеу зауыттарына тиесілі болса, 24-і Мақтарал ауданы аумағында орналасқан мақта өңдеу зауыттарына тиесілі. Бүгінде аудан әкімдігі мен аудандық прокуратураның тікелей араласуымен мақта өңдеуші зауыттар мен шаруалар арасындағы қаржылық операцияларды жүргізудің заңдылығын сақтау мақсатында арнайы келісім-шарт үлгісі жасалып, барлық зауыттарға таратылған.
        Шаруа-дихандармен кездесу барысында күзгі жауын-шашынға қалдырмай мақта терім науқанын сапалы ұйымдастыру, күзгі жиын-терімге берілетін мемлекеттік қолдауларды өз уақытында көрсету, мақта бағасы мен басқа да мәселелерге тоқталған облыс әкімінің орынбасары мақта қабылдау бекеттеріндегі таразыдан алдау, зертханаларда мақта сапасын қасақана төмендету секілді жағдайларға жол бермеу керектігін ескертті.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...