ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ЖОЛ СЫЗЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Әлеумет
09/09/2024
1 Views
Елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында және жаңа оқу жылының басталуына орай, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен аудан орталығы – Мырзакент кентіндегі С.Қожанов, Мадиходжаев, Еркіндік көшелері мен Жаңа жол ауылдық округіне қарасты «Ақ жол» елдімекеніндегі Қазыбек би көшесінде жалпы ұзындығы 15 шақырымды құрайтын жолдың сызықтары жаңартылды.
Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғ.Полатов «Бұған дейін де жол инфрақұрылымы элементтерін жаңарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізуді жоспарлаған болатынбыз. Қысқы және көктемгі жауы-шашынның әсерінен бірте-бірте жол элементтерінің барлығы жарамсыз болып қалады, не болмаса оларды көру қиынға соғады. Сондықтан, зебралар мен жол сызықтарын, белгілерді ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мектептердің жанындағы өткелдер ғана емес, сонымен қатар балалар мектепке барған кезде жиі жүріп өтетін жолдарға да сызылды. Бұл жолдардың барлығы арнайы қадағаланады» – деді. Сонымен қатар, ол өз сөзінде бүгінде аудан бойынша барлық мектептердің алдындағы жаяу жүргіншілердің өткелдеріне, автотұрақтарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың автотұрақтарына жол таңбалау жұмыстары жүргізіліп, толықтай ретке келтірілгеінде атап өтті.
Қазіргі таңда, жол сызықтарын жаңарту жұмыстары басқа да республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға да жоспарланып отыр.
2024-09-09