Home » Business » МАҚТААРАЛДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

МАҚТААРАЛДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

        Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барып, мақта терім науқанына дайындық жұмыстарымен танысты.
         Ертай Кенжебекұлы ең алдымен «Хамро ата» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі мен қытайлық «Peng Sheng» компаниясымен біргелікте тамшылатып суғару технологиясымен өсірілген 351 гектар мақта алқабында болып, аудандағы шаруа қожалықтардың басшыларымен кездесу өткізді. Осы кездесу барысында күзгі жауын-шашынға қалдырмай мақта терім науқанын сапалы ұйымдастыру, күзгі жиын-терімге берілетін мемлекеттік қолдауларды өз уақытында көрсету, мақта бағасы және басқа да мәселелер талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары мақтадан гектарына 60-70 центнер өнім алу үшін тамшылатып суғару сияқты жаңа технологияларға көшу керектігін, ол үшін мемлекеттен субсидиялар берілетінін де жеткізді. Сондай-ақ мұндай технологиялар жыл сайын орын алатын ағын су жетіспеушілігінің де алдын алатынын еске салды.
         Облыс әкімінің орынбасары сондай-ақ «Global Textile Turkestan» ЖШС-ның мақта қабылдау бекетінің құрылысымен танысты. Өзбекстандық «Global Textile» компаниясының Мақтаарал ауданында мақта кластерін дамыту бойынша 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы бекітілген болатын. Жоспар бойынша компания Мақтаарал ауданында 2 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтитын 5 ірі кәсіпорынды іске қосуды жоспарлап отыр. Жоба аясында логистика хабы, мақтаны бастапқы өңдеу зауыты, трикотаж мақта фабрикасы, мата бояу фабрикасы және тігін фабрикалары іске қосылады.
        Былтырдан бастап тәжірибе ретінде компания жеткізген тұқымдық шиттер егіліп, өзбекстандық арнайы агроном мамандар шаруаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде аудан орталығы – Мырзакент кентінде компанияның кеңсесі ашылып, атқарушы директоры тағайындалған. Сондай-ақ компания Бірлік ауылдық округінің аумағынан 10 гектар жерге мақта қыбылдайтын бекет салу жұмыстарын бастап кетті.
         Өзінің іс-сапарының соңында облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында арнайы жиын өткізіп, осы саладағы түйткілдерді талқылады.
        Айта кетерлігі биыл мақта дақылынан алынатын болжамдық өнім көлемі 92,3 мың тоннаны құрап, жалпы орташа өнімділік гектарына 27,4 центнерден болады деп болжануда. Негізі мақта өңдеу зауыттары мақта дақылын өсіруші шаруаларға жыл басынан бері 5 млрд. теңге көлемінде алдын ала фючерлік несиелер таратқан еді. Одан бөлек, «Ырыс» МҚҰ арқылы 114 шаруа қожалығына 503 млн. теңге несие берілген. Бүгінгі таңда «ақ алтынның» бағасы әлі нақтыланбаған.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

ОФИЦЕР АТАНҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕР АЗ ЕМЕС

        ...

ӨЗДЕРІН ДҮЛДҮЛ СЕЗІНІП…

        ...

ӘЖЕЛЕР РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНЕ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛІП ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

        ...

ТҮРЛІ СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

        ...

МАҚТААРАЛДЫҚТАР АЭС-КЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

        ...

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ МОЛ

        Бүгінгі ...

ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛЕДІ

        ...

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

        ...

ҰСТАЗЫМ – ҰЛАҒАТТЫМ, ҮЛГІ – ӨНЕГІМ

Мақтаарал ауданының орталық мәдениет ...