Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БИЫЛ 90 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ МАҚТА ЖИНАУ ЖОСПАРЛАНУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » БИЫЛ 90 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ МАҚТА ЖИНАУ ЖОСПАРЛАНУДА

БИЫЛ 90 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ МАҚТА ЖИНАУ ЖОСПАРЛАНУДА

        Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, өзінің Мақтаарал ауданына жұмыс сапарын индустриалды аймақта орналасқан, жылына 65 мың тонна мақта өңдеуге мүмкіндігі бар «ZHANASSYL» ЖШС-нің мақта зауытының жұмысымен танысудан бастады.
        Автоматты басқару жүйесінде жұмыс атқаратын зауытқа иелік ететін серіктестіктің директоры Абылай Тыныбаев 11 мақта қабылдау бекетінде мақта жинақталып, 3 бекетте қырманнан өнім қабылданып жатқанын және де заманауи технологиямен жабдықталған кәсіпорында өңдеу барысында мақта сапасының сақталуына ерекше көңіл бөлінгенінде атап өтті. Ал, «Мырзакент» ЖШС мақта өңдеу зауыты да қазіргі таңда жұмыс қарқынын арттырған  екен. Өндірістік қуаттылығы жылына 60 мың тоннаны құрайтын кәсіпорынның бас директоры Берік Қыдыралиев облыс әкімінің орынбасарына мақта өндірісін дамыту, жоғарғы сұрыпты тұқым өндіру және мақта өңдеу барысындағы сақталуы тиіс талаптар бойынша бірқатар ұсынысын жеткізді.
        Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қарасты «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-де де болды. Осы мекеме жер құнарлығы мен ауа-райының ерекшеліктерін назарға ала отырып, мақтаның жаңа тұқымдарын шығарумен айналысып келеді. Станция тарапынан бүгінге дейін мақтаның бәсекеге қабілетті жаңа әрі отандық 13 орта талшықты түрі, сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімді, өнімділігі жоғары 15 түрлі сұрып шығарылған. Серіктестік төрағасы Нұрман Дәуренбек орталықтың өзекті мәселелерін ортаға салды. Техникалық жабдықтарды жаңартуға жағдай жасалса, зерттеу жұмыстарының шаруаларға көп көмегі тиетінін алға тартты. Топырақты терең қопсыту технологиясы, отандық мақта сорттарын баптаудың екі қарқынды технологиясы, мақтаны жаңбырлатып суару технологиясы, арықшалармен суару технологиясы және мақтаны тиімді суарудың гидромодульдік аудандастыру технологияларын әзірлеген ғылыми мекеме облыс әкімінің орынбасарына кезекті жаңалықтарын ұсынып, күтілетін нәтижелерімен таныстырды.
         Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары ауданымыздағы жұмысын 2020 жылы бастаған күріш өңдеу зауытының тыныс-тіршілігімен де танысты. Күніне 20 тонна күріш өңдеуге қауқарлы кәсіпорында 15 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Мақтааралда биыл 1327 гектарға күріш егілген. Алынған өнім бүгінгі күнге дейін 3244 тоннаны құрап отыр.
          Атап кетерлігі, биыл Мақтаарал ауданда 33,7 мың гектар алқапқа мақта егілген. Қазіргі таңда мақта дақылын дефолиациялау жұмыстары толықтай жүргізілген. Қазірдің өзінде аудан бойынша 18 мың гектар алқаптан мақта теріліп, 48 мың тонна өнім жиналды. Биыл мақта дақылынан алынатын болжамдық өнім көлемі 92,3 мың тоннаны құрап, жалпы орташа өнімділік гектарына 27,4 центнерден түседі деп болжануда. Мақтаны өңдеумен ауданда 9 зауыт айналысса, оларға тиесілі 34 мақта қабылдау бекеті бар. Сондай-ақ,  Жетісай және Шардара ауданында мақтааралдық зауыттарға тиесілі 29 мақта қабылдау бекеті жұмыс істеуде.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...