Home » PRESS RELEASE » News » «ЖЕТІСАЙ» ӨЗ АЛАҢЫНДА СЕНІМДІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«ЖЕТІСАЙ» ӨЗ АЛАҢЫНДА СЕНІМДІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

          Ағымдағы жылдың 12-шілдесінде Тараз қаласының орталық стадионында өткен XV турда тең тарқасқан «Жетісай»-«Тараз» футбол клубтары бүгін Жетісай қаласындағы «Қажымұқан» орталық стадионында қайта кездесті.
          1XBET QFL Бірінші лига командалары арасындағы ҚР чемпионатының XXVIII турына дейін өткізген 26 кездесуінің 13-ін жеңіспен, 5-ін тең дәрежеде, ал, қалған 8-ін жеңіліспен аяқтаған жерлестеріміз бен 25 ойынының 11-ін жеңіспен, 10-ын жеңіліспен, 4-ін тең тәмамдаған тараздықтар жасыл алаңда кезекті 3 ұпайды сарапқа салды.
           Ә дегеннен кездесудегі басымдықты қолға алуға тырысқан «Тараз» командасының ойыншылары алаң иелерінің қақпасына қауіпті шабуылдарды ұйымдастырғанымен нақты нәтижеге жете алмады. Ерлан Шойтымовтың шарболаттары қорғанысты күшейтіп, бірінші таймда қонақтардың қарым-қабілетін бақылады. Қателіктерге жол бермей бапкердің берген нұсқамаларын орындап, алғашқы таймды тең аяқтады.
          Десек те, алаң иелерінің арты-артынан ұйымдастырған шабуылдарының нәтижесінде ойынның 69-шы минутында «Жетісай» командасының 17-ші номерлі ойыншысы Тимур Зуфтаров есепті ашса, ІІ таймда 10-шы номерлі Димаш Құдайбергеннің орнына алаңға шыққан 6-шы номерлі ойыншы Бақыт Қалибай 89-шы минутта жетісайлықтарға жеңіс голын сыйлап, есепті еселеді.
        Осылайша сарапқа салынған кезекті 3 ұпайды еншілеген жетісайлықтар 1XBET QFL Бірінші лига командалары арасындағы ҚР чемпионатының турнир кестесінде 47 ұпаймен VII орынға тұрақтаса, тараздық жігіттер 37 ұпаймен VIII орынды қанағат тұтуға мәжбүр болды.
        Биылғы маусымда өз алаңындағы соңғы кездесуін жеңіспен аяқтаған «Жетісай» командасының ойыншылары 17-қазан күні сырт алаңда «Арыс» командасымен кездесіп, чемпионатты аяқтайды.
         Ойынға жанкүйерлік жасаған аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков команданы кезекті жеңісімен құттықтап, «Арыс» футбол клубымен өтетін кездесуде жеңіс тіледі.
         Айта кетейік, 2002 жылы негізі қаланған «Арыс» футбол клубы бүгінде 1XBET QFL Бірінші лига командалары арасындағы ҚР чемпионатында 26 кездесу өткізсе, оның 5-інде жеңіске жетіп, 18-ін жеңіліспен, 3-ін тең аяқтаған. 25 рет гол соқса, 56 голды өз қақпаларына жіберіп алған. Жалпы турнир кестесінде XV орында тұр.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОФИЦЕР АТАНҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕР АЗ ЕМЕС

        ...

ӨЗДЕРІН ДҮЛДҮЛ СЕЗІНІП…

        ...

ӘЖЕЛЕР РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНЕ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛІП ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

        ...

ТҮРЛІ СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

        ...

МАҚТААРАЛДЫҚТАР АЭС-КЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

        ...

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ МОЛ

        Бүгінгі ...

ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛЕДІ

        ...

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

        ...

ҰСТАЗЫМ – ҰЛАҒАТТЫМ, ҮЛГІ – ӨНЕГІМ

Мақтаарал ауданының орталық мәдениет ...

ЖАС КАДЕТТЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

        ...