Home » PRESS RELEASE » News » «ҚАЛҚАН» – ОТАННЫҢ ҚАЛҚАНДАРЫ ТУРАЛЫ

«ҚАЛҚАН» – ОТАННЫҢ ҚАЛҚАНДАРЫ ТУРАЛЫ

       
             Оқырмандарымызға айтар сүйінші жаңалығымыз бар. Алдағы қараша айының соңында «Қалқан» деп аталатын көп сериялы фильм көрерменге жол тартатын болады. Әзірге айтарымыз, әр серияның ұзақтығы 25 минутты құрайды. Сценарий бойынша ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Қарғалы» шекара бөлімшесінің учаскесінде түсірілген фильм шекарашылардың өмірінен алынған шытырман оқиғаларға толы.
          …Мұнда бәрі бар. «Астана» телеарнасының шығармашылық тобы осыдан тура үш жыл бұрын елордамыздың төрінде отставкадағы полковник В.Шупейкин бастаған әскери журналистер жазған «Мемлекеттік шекара» кітабының желісінде түсірген фильмде барлығы қамтылған. Шекарашының тылдағы сенімді серігі, «Шекарашының жас достары», жеке құрамның ел шебіндегі қас-қағым, қарбаласқа толы бір күні… «Қызыл кітапқа» енген тамырды жинаушылармен ымырасыз күрес… Арасында, таудың ішінде адасып кететін екі баланы да шекарашылар тауып береді. Шекарашылардың антына адалдығы, Еламан деген шекарашының төрт аяқты досы Сұңқардың (шекарашы иттің шын аты Тай – иесі Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобының атағы Шекара қызметіне жайылған кинологы кіші сержант Ш.Наурызбай-авт.) ізшілдігі мен иісшілдігі көрерменді ғана емес, шекарашылардың рөлін сомдаушылардың өздерін тәнті еткенін, фильмнің басы-қасында болған подполковник Марат Ашировтың өзі «жыр» ғып айтқан…
         Айтпақшы, департаменттің аталған офицері де қызды-қыздымен фильмдегі «контрабандашы» актерлердің сапын толықтырған көрінеді. Мүмкін, өзінің түр-тұлғасы «шекара бұзуға» дайын тұратындарға көбірек келгендіктен де режиссердің қырағы назарынан тыс қалмаған болар. Әйтеуір, өздерінің жолдарын қайта-қайта кес-кестеп, жоспарларының быт-шытын шығарғанына ызаланып, шекара бөлімшесіне шабуыл жасайтын Араның (басты рөлдегі екеудің бірі-авт.) тобындағы «қаскүнемдердің» біріне айналып шыға келген ол өзінің рөлін шебер орындады.
        Сонымен, Ара деген кім? Шекара аймағында заңсыз контрабандамен айналысатын егіздің сыңары. Ал Батыр – шекара бөлімшесінің бастығы. Таудың әрбір шатқалын, сайы мен төбесін өзінің бес саусағындай жақсы білетін офицер мен Араның арасында бітіспес шайқас жүріп жатады. Ақыры… Әрине, фильмнің ақыры немен бітетіні туралы «жұмған» аузымызды ашпаймыз. Бар болғаны, шекарашылар фильмнің түсірілуіне көп жәрдем берді. Бір ғана подполковник М.Ашировтің түсіру алаңында таланты ашылғанын көзіміз көріп, әріптес үшін қуандық.
         …Менің ойымша, фильмнің бас кейіпкері Батырдың бойында ҰҚК Шекара қызметінің батыры Раджанның рухы бар. Отанын ақтық демі қалғанша қорғауға тас-түйін дайын. Фильм сонысымен де қызық, сонысымен де маңызды. Олай болса, қараша айының соңында болатын тұсаукесерде кездескенше!
          «Қалқан» туралы сол кезде ағынан жарыла әңгімелейтін, айтатын, сыр шертетін боламыз. Шекарашылардың рөлін тамаша сомдаған актерлер туралы да, оларға беріле көмектескен шекарашылардың өздері туралы да… Бәрі сол кезде!
           Ал әзірге, біз басын айтып, құрметті оқырманымызды қызықтырғанымызға сенімдіміз…
Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОФИЦЕР АТАНҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕР АЗ ЕМЕС

        ...

ӨЗДЕРІН ДҮЛДҮЛ СЕЗІНІП…

        ...

ӘЖЕЛЕР РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНЕ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛІП ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

        ...

ТҮРЛІ СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

        ...

МАҚТААРАЛДЫҚТАР АЭС-КЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

        ...

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ МОЛ

        Бүгінгі ...

ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛЕДІ

        ...

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

        ...

ҰСТАЗЫМ – ҰЛАҒАТТЫМ, ҮЛГІ – ӨНЕГІМ

Мақтаарал ауданының орталық мәдениет ...

ЖАС КАДЕТТЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

        ...