Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БЕС НҮКТЕ –БЕС ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » БЕС НҮКТЕ –БЕС ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

БЕС НҮКТЕ –БЕС ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

           Осы аптада ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының Ақжардағы техникалық және кәсіби даярлық бөлімінің сарбаздарына арналған көрсетілім сабағы өтті.
          Жылдағы дәстүрге сай, мұнда «Күз-2024» шақырылымы сарбаздарының назарына Шекара қызметінің қолданысындағы техникалар мен қару-жарақ түрлері, байланыс құралдары, азық-түлік көрмелері ұсынылды. Лайықты бағасын беру керек, мұны «Қаскелең» шекара бөлімшесі бастығының  тәрбие, идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары аға лейтенант А.Тұраров басқарған шекарашылар шебер көрсете білді. Сондай-ақ, шекара басқармасының арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобы сайыпқырандарының шебер қимылдары да құқық бұзушының алысқа кетуіне мүмкіндік бермейтінін көрсеткен.

        …Шекара басқармасы бастығының орынбасары – техникалық және кәсіби даярлық бөлімінің бастығы подполковник Сағадат Әуезов бүгінгі шараның жас сарбаздар үшін маңызы зор екенін айтқан соң 500-ден астам сарбазға арналған көрсетілім сабағы да басталып кеткен. Бес топқа бөлінген болашақ шекарашылар бес нүктеге барды.
         Бірінші нүкте – техникалар. Мұнда «Камаз», шекараның жол талғамайтын жүрдек көлігі «УАЗ», арнаулы мақсаттағы жауынгерлдік тапсырмалар орындауға машықтандырылған арнайы жасақтың жолындағы кедергіні қақ жарып өте шығатын титан-техникасы брондалған дөңгелекті машинасықаз-қатар тізілген. Осыған дейін кинодан, теледидардан ғана көріп, ғаламтор арқылы білетін техникаларды өз көздерімен көрген сарбаздардың көздері жайнап шыға келген. Дегенмен, бөлімнің майталмандары да өз кезегінде бұл көліктердің шекара мен шекарашылар үшін алатын орындарының маңыздылығына кең тоқталмай қалған жоқ-ты.
          Екінші нүкте – азық-түліктер көрмесі. Мұнда қаз-қатар қойылған түрлі көкөніс, азық-түліктерге қатысты мәліметтер егжей-тегжейлі айтылған соң топ келесі нүктеге беттеді.
         Бұл – қару-жарақтар көрмесі. Мұнда автоматтардың түр-түрі, тапанша, сұрмергендердің винтовкасы, қысқасы мемлекеттік шекараны күзетуге арналған қарулардың барлық түрі қойылған. Ал бөлімнің нұсқаушылары – өз ісінің шеберлері шекарашы атануға дайындалып жүрген жас сарбаздарға қаруларды таныстырумен шектеліп қана қоймай, қызды-қыздымен шеберлік сабағын да көрсетіп жіберген…
        … Шекараны әсіресе техника, қару-жарақсыз ғана емес байланыс құралдарынсыз да елестету мүмкін емес. Сондықтан, сабаққа қатысушылардың назарына ұсынылған заманауи үлгідегі байланыс құралдарын пайдаланудың тәртіптері айтылды. Осыдан кейін біздің айнымас «қаруымыздың» обьективіне әп-сәтте сыйып кеткен сарбаздардың бірі қолына су жаңа рацияны ала салып, өзінің ауылын байланысқа шақырған… Сол-ақ екен, тапқырлық таныта қойған екінші жауынгер де сымтетіктің екінші басындағы әлдекіммен әңгіме-дүкен құра жөнелгенін көріп, қалғандары еріксіз езу тартқан. Әзіл мен күлкінің ауылына жақын болса, демек сарбаздардың әскери өмірге қалыптаса бастағаны… Бұл жақсы.
         Сонымен бүгінгі шараны жоғарыда айтып өткеніміздей, «Қаскелең» шекара бөлімшесінен келген шекарашылар мен шекара басқармасының күрделі тапсырмаларын орындайтын тобы аяқтаған. Ал бұл дегеніміз, ант қабылдайтын маңызды күнге қызу дайындықты бастап кеткен сарбаздарды көп нәрсеге үйреткені анық.
          Демек, «Күз-2024» шақырылымы үшін жеребе жерге тасталды. Сондықтан, оларды алда тер төгетін күндер күтіп тұр!
Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...