Home » PRESS RELEASE » News » ЕЛДІГІМІЗДІ АСҚАҚТАТҚАН ЕГЕМЕНДІК

ЕЛДІГІМІЗДІ АСҚАҚТАТҚАН ЕГЕМЕНДІК

           2024 жылғы 21 қазан күні Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының, Абай атындағы ҚазҰПУ «Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының және «Қазақстандық философиялық конгрессі» ұйымының  бірлесе ұйымдастыруымен ұлттық мереке – Республика күніне арналған «Елдігімізді асқақтатқан Егемендік» атты мерекелік іс-шара өтеді. 
          Іс-шараның мақсаты ұлттық сана сезімнің жоғары деңгейін қалыптастыру, оның маңызды компоненттерін – қазақ халқының тарихын, тілін, салт-дәстүрлерін, өзіндік ерекшелігін, қазақ халқының ұлттық мүдделерін, сондай-ақ студент жастар арасында этносаралық толеранттылықты, қоғамдық келісімді және патриоттық тәрбиені қалыптастыру болып табылады.
         Іс-шараның негізгі жұмыс бағыттары:
  1. Егемендік және еркіндік философиясы;
  2. Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы;
  3. Егемен еліміздің болашағы – жас ұрпақтын қолында
        Іс-шараға Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің, ӘлФараби атындағы ҚазҰУ нің және Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің студенттері қатысады.
       Іс-шараны Алматы қаласындағы республикалық Достық үйі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұймдастырады.
Өткізілетін орны: Құрманғазы 40
Өткізілетін күні: 21 қазан
Өткізілетін уақыты: 15.00
       Жауапты: Алматы қаласы бойынша  Қазақстан Халқы Ассамблеясы Хатшылығының   Ғылыми Сараптамалық Тобы  мүшесі,  Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті. филос.ғ.к. Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы.
Ұялы тел: 8-708-106-00-25.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОФИЦЕР АТАНҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕР АЗ ЕМЕС

        ...

ӨЗДЕРІН ДҮЛДҮЛ СЕЗІНІП…

        ...

ӘЖЕЛЕР РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНЕ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛІП ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

        ...

ТҮРЛІ СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

        ...

МАҚТААРАЛДЫҚТАР АЭС-КЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

        ...

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ МОЛ

        Бүгінгі ...

ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛЕДІ

        ...

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

        ...

ҰСТАЗЫМ – ҰЛАҒАТТЫМ, ҮЛГІ – ӨНЕГІМ

Мақтаарал ауданының орталық мәдениет ...

ЖАС КАДЕТТЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

        ...