Home » PRESS RELEASE » News » “ЖЕТІСАЙ ҰЛТТЫҚ СПОРТ КЛУБЫ” МҮШЕСІ ЕРБОЛАТ АЙТУҒАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕРЛЕДІ

“ЖЕТІСАЙ ҰЛТТЫҚ СПОРТ КЛУБЫ” МҮШЕСІ ЕРБОЛАТ АЙТУҒАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕРЛЕДІ

         Ат тұяғының дүбірін естісе делебесі қозып, тақымын қыспайтын қазақ жоқ. Өйткені, ықылым заманнан-ақ жауынгерлік өнерді жанына серік еткен халқымыз үшін көкпар – жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырып, арғымақтың қалай бапталып-үйретілгенін, жүйріктігін сынайтын спорт түрі.
         Соңғы кездері елімізде ерекше көңіл бөлініп, мемлекеттік деңгейде қамқорлықтар көрсетіліп келе жатқан ұлттық ойынымызды дәріптеу мақсатында Шымкент қаласында өткен 2007 – 2009 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы XII Қазақстан Республикасының чемпионатында Түркістан құрамасының мерейі үстем болып, чемпион атанды.
         Облысымыздың тақымы мен білегі мықты жігіттерінен құрылған 14 команда қатысқан байрақты бәсекенің ақтық сынында Шымкент құрамасымен күш сынасқан Түркістан құрамасы 5:3 есебімен жеңіске жетті.
         Айта кетерлік жәйт, жеңіске жеткізген 5 салымның 3-ін “Жетісай ұлттық спорт клубының” мүшесі, жас шабандоз, аталмыш чемпионаттың “Үздік шабуылшысы” атанған Ерболат Айтуған салды.
          «V дүниежүзілік көшпенділер ойынында» көкпардан жеңіспен оралған Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, жерлесіміз Абылайхан Нышанбековпен қатар Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрімен бүгінде ауданда 2 мыңға тарта азамат шұғылданады.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

АУДАН БАСШЫСЫ Ж.НҰРЛЫБАЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов ...

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

ОФИЦЕР АТАНҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕР АЗ ЕМЕС

        ...

ӨЗДЕРІН ДҮЛДҮЛ СЕЗІНІП…

        ...

ӘЖЕЛЕР РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНЕ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛІП ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

        ...

ТҮРЛІ СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

        ...

МАҚТААРАЛДЫҚТАР АЭС-КЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

        ...

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ МОЛ

        Бүгінгі ...

ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛЕДІ

        ...

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

        ...