Home » PRESS RELEASE » News » ҰСТАЗДАРДЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕГІ

ҰСТАЗДАРДЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕГІ

Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген. Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет.
«Қ.Дәрімбаев атындағы №41жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылында 394 оқушы білім алады.
2023-2024 оқу жылында жетекші мектеп ретінде ААБ-нің бұйрығы негізінде серіктес «М.Маңғытаев» пен «Жаңа дала» мектептеріне барып төмендегі мұғалімдер десант сабақтар өтіп, тәжірибе алмасты.
Құдиярова Мереке, Оңғарбаева Венера, Бекжанов Бақытжан, Байтов Біржан, Абдихаликова Салиха, Ибраев Қуаныш, Керімқулов Әсет, Зұлпыхарова Аққанат, Исабекова Жанар, Сериева Жазира.
География пәні мұғалімі, бірнеше оқушылардың кіші ғылыми жұмысына жетекшілік еткен Гульнара Даулетбаева ұстаздың қатысуында семинар ұйымдастырды. Г.Даулетбаева » Ғылыми жоба жұмысын жазудың әдістері » тақырыбында семинар сабақ өтті. Семинарға мектеп ұстаздары қызығушылықпен қатысты. Гульнара ұстаз кіші ғылыми жоба тақырыбын дұрыс таңдау, оқушының сол жұмысқа қызығушылығын арттыру, сондай-ақ жұмыстың құжаттастырылуы мен оқушының жоба жұмысын жүргізудегі жұмыстарын күнделікке жазуды қалай жүргізу керектігін мұғалімдерге таныстырды.
  Пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде үздік нәтижелерге қол жеткізді.
  1. Қазақстан тарихы пәні:
6 «Ә» сыныбының оқушысы Сәрсенбай Нұрасыл жүлделі 2-орын , пән мұғалімі Баймахан Еркебұлан Ниятұлы.
  1. Математика пәні: 6 «Ә» сынып оқушысы Марат Құлмұхаммед жүлделі 3-орын, пән мұғалімі Калауова Улбосын Муратовна.
Құлмұхаммед математика пәніне қатысты басқада олимпиадаларға қатысып жүлделі орын иемденді!
ОБЛЫСТЫҚ ЖЕТІСТІКТЕР
2023-2024 оқу жылындағы ауыл мектептердің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен тарих пәні бойынша 11- сынып оқушысы Зульпибекова Нұрғаным 1-орын,10 -сынып оқушысы Биназар Сымбат 3-орын, 9- сынып оқушылары Дулат Аяулым 2-орын,Әшір Оразкүл 1-орын. Жетекшісі Баймахан Еркебұлан. Математика пәні бойынша 9- сынып оқушылары Асан Ереймен мен Сейілхан Нурбек жүлделі 3-орынды иемденді. Жетекшісі Калауова Улбосын.
9 «Ә» сынып оқушылары Сейілхан Нұрбек пен Бексұлтан Толғанай және 9 «А» сынып оқушысы Исахан Аида Жетісай ауданының «Мәдениет үйінде» өтілген аудандық «Бабалар мұрасы- ұрпаққа ұлағат» эпостық жырлары мен қисса – дастандарды жатқа айтуда 27.02. 24ж күнгі іріктеу байқауына қатысып, осы аталған 3 оқушы да мәрелік байқауға өтті. Мәрелік байқау 29.02.24 ж күні өтіп , нәтижесінде «Алпамыс батыр» жырын жаттаған Бексұлтан Толғанай мен «Мұңлық-Зарлық» жырын жаттаған Исахан Аида дипломмен және сыйлықтармен марапатталып, Сейілхан Нұрбек «Ер Тарғын» жырын жаттап айтуда 2 орын дипломмен, сыйлықпен марапатталып, облысқа жолдама алды. Пән мұғалімі Алибекова Кулаш Биназаровна.
«Бабалар мұрасы -ұрпаққа ұлағат» эпостық жырлар мен қисса дастандарды жатқа айтудан жасөспірімдер мен балаларға арналған облыстық байқауда «Ер Тарғын» жыры бойынша Сейілхан Нұрбек дипломмен және ақшалай 30000 теңге сыйақы алып қайтты. Бұл да біздің мектебіміз үшін үлкен жетістік.
Пән мұғалімі: Алибекова Кулаш Биназаровна
Түркістан қаласы, Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп базасында 2024 жылдың 29 ақпан күні 6-11 сыныптар арасында «Ясауитану-2024» республикалық дәстүрлі байқауының облыстық кезеңі өтті.
Облыстық байқауға 100 оқушы қатысып, терең білімі мен зеректігін танытқан оқушылар Республикалық кезеңге жолдама алды. Қ.Дәрімбаев атындағы №41 ЖББМ, 10 сынып оқушысы Ұлықбек Бинұр жүлделі 3 орынды иеленді. жетекшісі: Ибраев Куаныш Баженович.
4-9 сынып білім алушыларының пән мұғалімдері,кезекші мұғалімдер,тәуелсіз бақылаушы және ата-аналары арасында ББЖМ ережелерін таныстыру бойынша жиналыс өткізілді.
Сәуір айының 16 күні 4-9 сынып оқушыларынан білім беру жетістігін мониторингілеу нәтижесінде оқушылар жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ -нің ұйымдастыруымен, Жетісай қаласы «Орталық саябақ» Street Workout спорттық алаңшасында, жастар арасында » TUR Workout» белтемірге тартылу сайысына мектебіміздің 11 сынып оқушысы Шәріпбек Абылай қатысып жүлделі орынды иеленіп, облысқа жолдама алды.Жетекшісі: Керимкулов Асет.
«Үздік аттестат» иегері Зульпибекова Нұрғаным Ұлттық бірыңғай тестілеуден 128 балға қол жеткізді.
 Жыл соңында мектепті «Алтын белгіге» бітірген шәкірттер Дәрімбаев медальімен марапатталды.
Мектебімізде 01 – 30 тамыз аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді. Нәтижесінде «Достық» ауылының тұрғындары жалпы суммасы 30 000 теңге қаржыға 4 отбасыға ішінде түрлі мектеп құралдары бар пакеттер үлестірді.
Жетісай ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 13 қыркүйек күні М.Маңғытаев атындағы №43 ЖББМ коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-11-сынып оқушылары арасында Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтілді. Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Шәріпбек Ақмаржан байқаудың «Шашақты найза, шалқар күй » бағыты бойынша қатысып, 3-орынды иеленді.
Жетісай Аудандық Білім бөлімінің ағылшын тілі пәні әдіскері Балхибаева Нурбакыт Асылбекованың бастамасымен ағылшын тілінде дұрыс сөйлеу мәнерді дамыту мақсатында “ОҚУ VISION” жобасы жұмыс жасап тұр.
Мектеп түлектерінің арасынан шыққан еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген, елге еңбегімен танылған азаматтарды оқушыларға дәріптеу қолға алынған. Ол кісілердің суреттері, өмірбаяндары жазылған «Парасатты азаматтар» деген тақырыпта арнайы бұрыш әзірленген. Ол кісілермен кездесулер ұйымдастырылып отырады.
2023-2024 оқу жылының  барысында  мектебімізде біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қаңтар айынан бастап  төмендегідей жұмыстар атқарылды:
  1. 02.2024ж «Соғады жүрек» ақын М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған кеш ұйымдастырған  Ұ. Құдайбергенова
  2. 02.2024ж «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» ұлағатты ұстаз   Н. Абуееваға арналған   іс- шара ұйымдастырған Г. Даулетбаева
  3. 03.2024ж «Алғыс айту парызым» ұйымдастырғандар Ұ. Құдайбергенова , Б. Байтов, Б. Әбдуев,   Тасыбек Айсұлу, З. Абулова
  4. 03.2024ж « Қош келдің 20 жылдық түлектер» тақырыбында Г. Даулетбаева іс шара өтті  20 жылдық түлектер 360 000 –ға киіз үйді жасап сыйға тартты.
  5. 05.2024ж ««Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» тақырыбында Г. Даулетбаева ұстаз  М. Маткалиеваға арналған   іс- шара өтті.
  6. 05.2024ж ««Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» тақырыбында Г. Даулетбаева ұстаз  Қ. Ибраевқа арналған      іс- шара өтті.
  7. 05.2024 ж 1-10 сынып оқушыларына «Білім-Отаныма» тақырыбында, 9,11 сынып оқушыларына «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында эссе жазды.
  8. 05.2024ж 9-11 сынып оқушыларына «Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбында мектеп бітіруші түлектердің іс- шарасы өтілді.
Салауатты өмір  салтын ұстану мақсатында атқарылған жұмыстар өте көп, соның ішінде атап өтер болсақ:
«Тарихи тұлғалар» тақырыбындағы он күндіктің іс-шара жоспарына сәйкес 15.01.2024ж күні Қазымбет Дәрімбаевтың құрметіне арналған мектепішілік волейболдан турнир ұйымдастырылды. Командалар жарысты Қазақстан Республикасының ән ұранымен бастады. Ұлдар арасында өткен сайыстың нәтижесі І орын 10 сынып, ІІ орын 9 сынып, ІІІ орын 8 сынып. Қыздар арасындағы өткен сайыстың нәтижесі: І орын 10 сынып, ІІ орын 8 сынып, ІІІ орын 7 сынып. Жарысты ұйымдастырған дене шынықтыру пәні мұғалімдері Б.Карабалаев, А.Керимкулов, А.Ташкенбай.
«Біз салауатты өмірді қалаймыз» флеш- моб
07.02.2024ж күні » Қ. Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәлімгер апталығының жоспарына сәйкес аға тәлімгер У. Кудайбергенованың ұйымдастыруымен » Біз салауатты өмірді қалаймыз» тақырыбында 7-8 сынып оқушыларымен флеш- моб өтті. Мақсаты: денені шынықтыру, салауатты өмір салтын ұстау, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Еркін күрестен 2013-2015,2016-2017 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Салауатты өмір салтын насихаттау аясында «Біз есірткімен нашақорлыққа қарсымыз» атты ұранмен өткенЖетісай аудандық №2 балалармен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі болып өтті. Жарыс 7-8-ші Қыркүйек күндері Жетісай ауданы Нұр ауылы №71 мектепте өтті. Жарысқа Жетісай ауданы, Келес ауданы, Төлеби ауданы, Сайрам аудандарынан жалпы 150-ге жуық спортшы балдар қатысты.Соның ішінде мектебіміздің шәкірттері Әшірбай Нұрсұлтан,Асқар Жамбыл, Темірқұл Айсұлтан қатысып жүлделі орынды және белбау иесі атанды.Әшірбай Нұрсұлтан жүлделі орын және белбау иесі атанып, Асқар Жамбыл жүлделі III орынды қанжылады.
Мектепке демеушілік жасаған мектеп түлектері
Мектеп ауласы қыркүйек айында 876 м Ақниет Холдинг компаниясы қоршау жүргізді.Мектебіміздің түлегі, қазіргі таңда белгілі кәсіпкер Мамытов Нұржан Қалилаұлы мектебімізге демеушілік жасап, 30 түп шырша ағашын сыйға тартты. Мектеп ұжымы атынан үлкен рахмет айтып,алғысымызды білдіреміз.
 Мектебіміздің биыл мектеп бітіргеніне 20 жыл толған мектеп түлектері, мектепке киіз үй тарту етті.
Мектебімізде 01 – 30 тамыз аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді. Нәтижесінде «Достық» ауылының тұрғындары жалпы суммасы 30 000 теңге қаржыға 4 отбасыға ішінде түрлі мектеп құралдары бар пакеттер үлестірді.
  Ауыл тұрғындарының демеушілігімен мектепке тәтті су  жүйесі кіргізілді.
Жүз жыл бұрын әйгілі британдық шахматшы Уильям Артур Уорд былай деген: «Жай мұғалім хабарлайды. Жақсы мұғалім түсіндіреді. Керемет мұғалім көрсетеді. Ұлы мұғалім шабыттандырады». Жасанды интеллект дәуірінде мұғалім тұлға болып қала береді, бірақ қарапайым және жақсы мұғалімдер үшін бұл жерде орын жоқ. Тек керемет және ұлы ұстаздар жұмыс істеуі керек. Осы орайда, «Қ.Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекттік мекемесінің ұжымы, ағымдағы оқу жылында үздік нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенуде.

Агайдарова Акхал Ташболатовна,

 «Қазымбет Дәрімбаев атындағы №41жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ПОСТ «КҮЗ – 2024» ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ САРБАЗДАРЫНА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМ САБАҒЫ ТУРАЛЫ

        ...

«ЖЕТІСАЙ» ӨЗ АЛАҢЫНДА СЕНІМДІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

        ...

БИЫЛ 90 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ МАҚТА ЖИНАУ ЖОСПАРЛАНУДА

        ...

КӘСІБИ МЕРЕКЕМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

АУДАН БАСШЫСЫ Ж.НҰРЛЫБАЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов ...

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

ОФИЦЕР АТАНҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕР АЗ ЕМЕС

        ...

ӨЗДЕРІН ДҮЛДҮЛ СЕЗІНІП…

        ...

ӘЖЕЛЕР РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНЕ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛІП ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

        ...

ТҮРЛІ СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

        ...