Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Ардагер ұстаз - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Ардагер ұстаз

Ардагер ұстаз

ИБРАЕВ ҚУАНЫШ  БӘЖЕНҰЛЫ
  07 қаңтар 1961 жылы Жетісай ауданы Ш.Ділдәбеков с/о «Достық» елді-мекенінде дүниеге келген ол  «Қ. Дәрімбаев атындағы жалпы орта мектебінің» 1978 жылғы түлегі. 1980-1982 жылдары Совет Армиясы қатарында қызмет атқарды.
1982-1986 жылдары Киров мақта тазарту заводында слесарь болып жұмыс істеді. Шымкент педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген.
 1987-1990 жылдары Островский атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.
1991 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Қ.Дәрімбаев атындағы  №41 жалпы орта мектебінде» тарих пәні бойынша оқушыларға білім береді.
Қазақ елінің негізгі тірегі болып саналатын дарынды  да , талантты шәкірттерді даярлап, білімділігін арттырып, атаулы мектепте отыз жылдан астам қызмет етіп келеді.
Қуаныш ағай ұзақ та, жемісті еңбек жолында талай шәкірттерді баулып, қанаттандырса, олардың көпшілігі пән бойынша  аудан, облыс пен республика көлемінде өткен түрлі олимпиада  мен байқауларда жеңімпаз атанып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр.
   Әсіресе, республика көлемінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Яссауитану байқауында Қуаныш ағайдың шәкірттері тек мектеп емес, аудан, облыс абройын жоғары деңгейге көтеріп, бірнеше рет жеңімпаз атанды.
Шәкірттері: Халықов Медет 2009 жылы, Салиходжаев Мақсат 2011жылы, Бексұлтан Айжамал 2013 жылы Республикалық «Ясауитану» байқауында жүлдегер атанып,  оқу гранттарын жеңіп алған. Қуаныш  Ибраев медалімен  және мадақтамалармен марапатталған.
2009 жылы Республикалық «Ясауитану» байқауына жүлдегер дайындағаны үшін Еңбек кітапшасына «Алғыс» жариялады.2009 жылы Аудан әкімінің «Алғыс хат»,2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасынан «Мадақтама»,2013 жылы «Ясауитану» Республикалық білім байқауынан «Алғыс хат»,2013ж. «Облыстық кәсіподақ комитетінен «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен марапатталған.
2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасынан «Диплом»,2013 жылы «Жыл мұғалімі»,2014 жылы Аудандық білім бөлімінің «Құрмет тақтасына» суреті ілінді.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасы»,2018 жылы «Жыл мұғалімі»,2019 жылы Облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасы»,2020 жылы Аудандық білім бөлімінің «Мадақтамасымен» марапатталып ,2020 жылы Облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет тақтасына» суреті ілінді.
2020 жылы Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
2021жылы К.Машрапова Республикалық «Яссауитану»байқауының аудандық кезеңінде  3-дәрежелі дипломмен марапатталған.
2023 жылы «Яссауитану-2023» байқауына 9- сынып оқушысы Б.Ұлықбек қатысып аудандық «Алғыс хатпен»марапатталған.
10- сынып  оқушысы Б.Орынбасар аудандық пән олимпиадасына қатысып 3-дәрежелі дипломмен марапатталып, облыс көлеміне жолдама алып, бас жүлдемен оралды.
Ұлағатты ұстаздың өзі де талай байқау, сайыстарда жеңімпаз атанып, оның дайындаған бірнеше әдістемелік оқу құралдары мен авторлық бағдарламалары аудан ұстаздарына тәжрибе алмасу мақсатында таратылған.
«Ұстаздық -ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді.Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ,сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген сөзі Қуаныш ағайды еске салып отыратыны рас.
Қуаныш аға  бізге ата- анамыздан кейінгі ақыл- ой , адамгершілік, әдептілік, ар- ұят, ұлттық сана -сезімді сіңіруші адам болды.Ендеше өз ісіне берілген,жаңалықты жатсынбай  қабылдайтын,шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып,өзгелерді де бақытқа жеткізсем деген Қуаныш ағаның жолы да бөлек. «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай,ұстаз еңбегінің қыр – сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екенін мойындайсың.Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де,парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар.Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді.Әр шәкіртін аялап өсіріп,өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады.Дәлірек айтсақ,адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді.Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.Мен үшін сондай жан өмір бойы Қуаныш аға болып қалатыны сөзсіз.Әрбір адамның адастырмас темірқазығы, айналып келетін кіндік қаны байланған от ортасы  ол табанының мөрі басылған туған топырағы.Осы киелі білім ордасының өсіп өркендеуіне үлес қосып, еңбек сіңіріп келе жатқан Қуаныш ағаны қалай мақтасақ та жарасады.Әр шәкіртінің  бойына жылу шашып тұратыналаулы жарыққа ұласуының сыры осында болса керек.
Ибраева Сауле Баженқызы,
Қ.Дәрімбаев атындағы ЖББМ КММ
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...