Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТАРИХИ ТҰЛҒА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ТАРИХИ ТҰЛҒА

ТАРИХИ ТҰЛҒА

           Қазымбет Дәрімбаев 1909 жылы, Түркістан өңірі, Балтакөл ауылында дүниеге келген. 1930-1940 жылдары мұғалімдер курсын бітіріп, Либкез, яғни сауатсыздықты жою ісіне араласты. 1940 жылы ең алғаш қазір өзіміз оқып жатқан мектептің ірге тасын қалаған.Үш киіз үйді біріктіріп, бір-біріне сабақтастыра тікті де Қазымбет атамыз «мектеп» ашты және ең алғаш директоры болды.
       1942-1943 жылдың аяғына дейін Ұлы Отан соғысына қатысып, десант болған.Кейін ауыр жарақаттан соң елге қайтарылды. Ары қарай ұстаздық жұмысын жалғастырды.
        Ұстаз – ұлағатты ұғым. Ұстаз даңғылы ұланғайыр, білім арқылы болашаққа салынған баянды жол бастауы.  Мектеп – білім жаһұтын    жинайтын, ақылдың кенін ашатын, кеуде сарайын кеңейтетін, жарық сәулесі жаһанға түсетін киелі орын болса, ұзақ жылдар ұстаздық еткен Қазымбет Дәрімбаев сол жарықтың жағушысы, балалардың бағбаны, білімнің темірқазығы болған тұлға. Қазымбет Дәрімбайұлы – өмірі бүгінгі жастарға өнегелі, ұстаздық ұстанымы ұлағатты, зиялы да иманды тұлға.
      Қазақстан Республикасының Мәдениет , ақпарат қоғамдық келісім министрлігінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №497 қаулысымен Ш.Ділдібеков селолық округіндегі «Арай» орта мектебіне белгілі педагог Қазымбет Дәрімбайұлының аты берілді.
       Қазымбет Дәрімбайұлы — ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. «Қазымбет атамыз шын мәнінде мектебіміздің жүрегі бола білді» деп айтады шәкірттері, әріптестері.
         Атамыздың бойындағы іскерлік пен адалдық, қарапайымдылық, қамқорлық қасиеттері ерекше болғандығын айтады шәкірттері.
          Көне дәстүрлерді жақсы білетін, араб тілінде жазып, оқи беретін, өзгені сөйлетіп қойып, өзі тыңдай білетін. Осындай түтіні түзу шыққан отбасында дүниеге келген Жақсыгүл, Жауһар, Гауһар, Әсия, Нұрсауле, ұлдары Полат, Қанат, Талғат – бәрі жоғары білім алып, жеке-жеке үй болып, ұл-қыздарын тәрбиелеп отыр. Балаларының алды Полат Қазымбетов белгілі ғалым-дәрігер, профессор. Шәкірттерінің алды – Сабырхан Асанов, Еркінбай Әкімқұлұлындай  белгілі қаламгерлер. Өз балалары жайында сараң сөйлейтін қарт ұстаз Сабырхан, Еркінбай жөнінде әңгімелегенде едәуір қызынып кетеді. Бұл – жан-тәнімен ұстаздық еткен адамның әрекеті. Ұлағатты ұстазымыз міне осындай жан!           
Байтов Біржан, Тасыбекова Айсұлу.
«Қ.Дәрімбаев атындағы №41ЖББМ» КММ
қосымша білім беру педагогтары. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...