Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ МЕН ХАНЗАДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ МЕН ХАНЗАДА

КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ МЕН ХАНЗАДА

       Мектебімізде жақында  күз мезгіліне арналған  «Күз ханшайымы мен ханзада» атты тақырыпта сайыс болып өтті.
       Ол сайыстың мақсаты – оны өткізе отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Сахна мәдениетін қалыптастыру. Өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты сүюге, аялауға, молшылық айы күзді бағалауға тәрбиелеу болды.
Көрнекілігі: суреттер, түрлі – түсті шарлар, нақыл сөздер
   Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
       Армысыздар құрметті ата-аналар мен балалар! Ел байлығын арттырған берекелі, күз айы да келді. Күз бізге жемістерімен, көкөністерімен, егістіктегі астығымен келеді.
Бүгінгі «Күзгі Ханшайым мен Ханзада» атты сайысымызға қош келдіңіздер
 Олай болса берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын дей келе, Ханзада мен Ханшайымымызды ортаға шақырайық.
3 «А» сынып ханзадасы мен ханшайымы
Мадиярұлы Нұрдәулет- Балтабай Нұрсезім
Ермахан Есжан- Сейтжан Айзере
Наров Садерддин-Машрапова Рухшона
Асқар Мұхаммед- Шайзанда Айзере
Ташкенбай Әсет-Нарова Бақтыгүл
Ал балаларға сәттілік тілейікші –деп сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайын.
Бастауыш әдіс бірлестік жет:            К.Ибрагимова
Технология пәнінің мұғалімі:             Д.Мүсілімов
Мұғалім
Бөлімнің бағдарламасы:
1-бөлім: «Өздерін таныстыру»
2-бөлім: «Өнерім бар осындай»
3-бөлім:«Өлеңнің жалғасын тап!»
4-бөлім: «Дәмін ажырат»
5-бөлім: «Ас-адамның арқауы»
6-бөлім: «Сән үлгісі»
 Осы кезде вальстік музыка ойнап тұр
І -бөлім : Өздерін таныстыру
Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен, ізетпен танысуға-дей келе алғашқы сайыскерлеріміздің өзін-өзі таныстыру сайысын бастаймыз
Бүгін, балалар күз мерекесіне деген, қуаныш сезімдерін ән жолдармен, тақпақтармен былай жеткізеді.
Мұхаммед
Келді міне күз
Айнала сары түс
Керемет тамаша
Қандай әсем күз
 Ш.Айзере
Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
 Нұрдәулет
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Жасады той халқыымыз
Жаса, жаса алтын күз
Нұрсезім
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен түзеді
Көңілсіз неліктен күз енді
 Әсет
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
 Есжан
Береке бақыт дарыған
Жомарт көңіл жарқын жүз
Сары алтынға малынған
Жетті міне алтын күз
 Рухшона
Қиқуласқан құстарда
Сайрауынан қалады
Жылы жаққа ығысып
Ұшып кетіп барады
Садреддин
Қыры толы егіске
Бағы толы жеміске
Елді сыйға кенелтті
Қолы ашық періштем
Бақтыгул
Қызыл-сары түсінді
Домалап сол мүсінді
Ағаштан өсіп салбырап
Күзде пісем албырап
С.Айзере
Алақай,алақай
Шаттанды балақай
Күз пісті,  дән пісті
Айтамыз алғысты
2-бөлім: «Өнерім бар осындай»
Алтын күз шаттық алып кел,
Өнерлі жанға шабыт бер.
Адасқан жанға бағыт бер,
Болсыншы біздің бақытты ел.
«Өнерлі өрге жүзер» демекші, қатысушыларымыздың өнерлерін тамашалайық.
Өнер сайысы.
Жүргізуші:  Жігіттердің биші аяғы
                     Би дегенде тұра алмас
                     Көңілді би билеп берсе,
                     Көрермен қалай қуанбас
3-бөлім: «Өлеңнің жалғасын тап!»
  1. Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбәт!
Үзесің бірдей жүзін,
Оның аты …(жүзім)
  1. Дөп-дөңгелек доптай,
Одан дәмді жоқтай,
Мезгілсіз оны жұлма,
Оның аты …(алма)
  1. Дөп-дөңгелек, сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасың  көріп,
Оның аты …(өрік)
  1. Өсіретін бойынды,
Өсіретін ойынды.
Қоян жейтін көкөніс,
Сарғылт-қызыл …(сәбіз)
  1. Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Оның аты …(шие)
  1. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ,
Күрең қызыл, шіркін-ай!
Оның аты …(құлпынай)
  1. Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
Қарнын жарып аламыз,
Дәмді сондай …(қарбыз)
«Көңілді аспазшы» ойынын ойнаймыз. Ата-аналардан
Картоптың сыртын үзбей тазалап, пиязды  тазартып, жіңішкелеп,сақиналап турау керек.
4-бөлім: «Дәмін ажырат»
– Балалар, ойын ойнайық. Ендеше ойын шартымен таныстырайын. Сендер көздеріңді жұмасыңдар, мен ауыздарына не көкөніс немесе жеміс саламын. Сендер оны дәміне қарай ажыратып атайсыңдар.
Осы жемістердің барлығы еңбектің арқасында келеді. Біз оларды қалай күтіп баптасақ, жемістер бізге сондай мәуесін береді екен. «Еңбекпен келген жемістің дәмі тәтті» деген мақал осыдан шыққан.
5-бөлім: «Ас адамның арқауы»
«Ас адамның арқауы» демекші, келесі кезеңде дайындап әкелген тамақтарын қорғап, оны тапсырады.
6-бөлім: «Сән үлгісі»
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шыға тұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, -дей отыра, келесі кезекті жарнама. Күзгі сән үлгісіне берелік.
Қорытынды. Марапаттау.
Феруза ИСМАИЛОВА, 
Қ.Дәрімбаев  атындағы ЖББМ-нің мұғалімі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

БАЛАБАҚШАНЫҢ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ АЛАР ОРНЫ

        ...

ТӘРБИЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛУІ КЕРЕК

        ...

МУЗЫКАҒА ЕРТЕ ЖАСТАН ҮЙРЕТУДІҢ ПАЙДАСЫ КӨП

       Балаларды ...

«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ»

        ...

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ЖҮРЕКПЕН

        ...

БАЛАБАҚШАДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ

        ...

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

БАЛАЛАРДЫ МУЗЫКАҒА БАУЛУ

        ...

БАЛАНЫ БАЛАБАҚШАҒА БЕЙІМДЕУ

        ...

ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРДІҢ НЕГІЗІ

        ...