Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Ардақтайық әке менен ананы! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » Ардақтайық әке менен ананы!

Ардақтайық әке менен ананы!

Мектебімізде болып өткен «Ардақтайық әке менен ананы!» атты іс-шараның мақсаты: а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата – анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу. ә) Ата – анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру болды.
Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, ата – ана жайлы ұлағатты сөздер, хадистер қолданылды.
Тәрбие сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Қонақтармен сәлемдесу
ә) Оқушылардың орналасуын қадағалау
2. Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыпқа сай кіріспе сөз сөйлеу
Кіріспе
Бала тәрбиесінде ата – ананың алар орны ерекше. Ата – ана баласына саналы тәрбие беріп, оның болашағына зор үмітпен қарайды. Бірақ та қазіргі заманда ата – анасы мен ұстаздардың берген тәрбиесін жоққа шығарып, өмірден опық жеп жатқандар қаншама. Балалардың мектеп партасында отырып, оқушыға, қоғамға жат қылықтармен айналысуы бұл – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Біздің оқушыларымыз осындай жат қылықтардан аулақ болып, саналы, тәрбиелі, білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында осы тәрбие сағатының мәні зор деп сенемін.
– Сондықтан да, балалар, қазіргі айтылар ата – ана жайлы ұлағатты сөздерді зейін қойып тыңдап және айтқанда да тек ауыздарыңмен емес, жүректеріңмен айтса екен деп ойлаймын.
3. Олай болса, тәрбие сағатын әрі қарай оқушылардың өз бетінше өткізуіне көңіл бөлсек.
Айым: – Армысыңдар, аяулы ұстаздар, ардақты ата – аналар!
     Гауһар: – Қош келдіңіздер, жиналған қауым!
Айым: – «Ардақтайық әке менен ананы!» атты 2 «Ә» сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!
        Гауһар: – Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн,
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.
Айым: – О, ата – анам,
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Бізді жақсы болса екен деп қашанда,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
Гауһар: – Ата – ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезінен бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата – ананы сыйлау – елді сыйлау, ата – әжесін құрметтеу – өмірді құрметтеу.
Хормен: – Қымбатты, ата – ана, ұстаздар!
Біздің борышымыз – Сіздерді құрметтеу.

Хор: Ана туралы жыр

Амина: Алдымен сүй, ардақта ата – анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген анасын ол сағынған,
Ата – анаға сәлем айтқан ән – жырдан.
Екеуінің қуанышты тілегі,
Әрқашан да бір арнадан табылған.
Айым: – Ендігі кезекте ата – ана туралы ұлағатты сөздерге құлақ түрсек.
Зейін: – Адам жеміске, ата – ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата – ананы аялап бақса, армандары орындалады.
Ернар: – Әдепті, адал ұл – қыздардың міндеті ата – анасының тірісінде көрсеткен қызметімен бітпейді. Ата – аналарын олар дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.

Ақтоты: – Ұл – қыз ата – анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата – ананың ұл – қызы болып өседі.

Ерасыл: – Ата – ананы сыйлау – сәби шағында олар өзіңді қалай бағып – қақса,қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялау керек.
Айдын: – Ата – ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
Әли: – Ата – анасын ұмытқан бала – опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.
Нұрлыхан: – Ата – ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмейді.
Рамазан: – Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңыздар, ол – қорлық.
Б.Кәусар: – Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата – анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас – туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке – тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана – жарық дүниеге әкелушің.
Айым : – хор  «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Гауһар: – «Қарт пен бала әңгімесі» деп аталатын көріністі тамашалаңыздар.
                       «Қарт пен бала әңгімесі» баласы: Абылайхан, атасы Ернар
Баласы: – Ата, онда маған сұрақ қойыңызшы.
Атасы: – Балам, үйдің алтын қазығы кім?
Баласы: – Ата, үйдің алтын қазығы – бала.
Атасы: – Жоқ, балам, үйдің алтын қазығы – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, аға – қорғанышың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа.
Атасы: – Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Баласы: – Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін – мейірімді әке.
Атасы: – Жоқ, балам, әке қанша мейірімді болса да ананың жаны бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
– Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет?
Баласы: – Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.
Атасы: – Жоқ, балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су – тіршіліктің нәрін береді, от – өмірге жалын береді, тұз – астың дәмін келтіреді, қыз – өмірдің сәнін келтіреді, ақыл – өмірдің мәнін келтіреді.
Енді қарт оқушыларға сұрақ қояды.
– Адамның ақылы қайда, балаларым, кім айтады екен?
– Адамға ақыл беретін кім, балаларым?
 – Енді өмірде не жетім?- деген сұраққа кім жауап береді?
Атасы: – Иә, балаларым, сендер ата – ананың тәрбиесін бағалап өскен балаларсыңдар. Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата – аналарыңды сыйлай біліңдер. Аумин!

Дамир : – Ханның ақылы тағында, әкенің ақылы жанында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында.
Ернар:- Адамға ақыл беретін кім, балаларым?

Ақбота: – Адамға ақыл беретін ата – ана, ұстаз, досың. Ата – ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.
Ернар: – Енді өмірде не жетім?- деген сұраққа кім жауап береді?
Нұралі: – 1. Өмірде ата – анасы болмаса, бала тас жетім
2. Халықта сенім болмаса, хан жетім.
Ханы ақылсыз болса, халық жетім.
3. Суы жоқ құдық жетім.
Досы жоқ жігіт жетім.
4. Шәкіртсіз ұстаз жетім.
5. Қызы жетесіз болса, ана жетім.
6. Ата – ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім.

Ернар: – Иә, балаларым, сендер ата – ананың тәрбиесін бағалап өскен балаларсыңдар. Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата – аналарыңды сыйлай біліңдер. Аумин!
Гауһар: – хор «әжетайым» әні барша аналарға, әжелерге арналады, қабыл алыңыздар.

Айым: – Біздің қазақ әр сөзді тұспалдап та, туралап та, астарлап та жеткізген халық. Ата – ана туралы қаншама мәнді де маңызды сөздер айтылады. Сонымен бірге ата – ана туралы хадистерді білетін оқушыларды да тыңдап көрейік.
Ақтоты: – Ей, Перзентім! Ойыңа тоқып ал, ата – анаңа құрмет, ізет қылуды мойынға алу ләзім. Себебі, баланың түп негізі – ата – ана болып табылады.
Аякөз: – Ата – анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы да болма. Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады. Сен соны білуің керек.
Т.Кәусар: – Сен ата – анаңның еңбегін дін жағынан өтей алмасаң да ақыл – санаңмен, адамгершілігіңмен өте. Кімде – кім ата – анасын разы еткен болса, ол қандай жақсы. Алла тағала оның өмірін ұзартады.
Нұрасыл: – Ата – анаңа не істесең, қартайғанда алдыңа сол келеді.
Тоғжан: – Борыш – ата – анаға, үлкен ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсаң, ең әуелі ата – ана алдындағы борышты өтеу мақсатын қоямыз. Құрметті, әке – шеше, атыңа кір келтірмеуге ант етемін!
Барлығы: Ант етеміз!
Айым: хор «Ата-әже» әнін қабыл алыңыздар.
Гауһар:. «Бала тәрбиесі – бесіктен» дейді халық. Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым – тыйым сөздерін айтып отырып тәрбиелейді. Ендеше біздің оқушыларымыздың ата – аналарынан естіген ырым – тыйым сөздеріне құлақ түрсек.
Амина: – Ата – ананы ренжітпе
– Түнде суға барма!
– Таңдайыңды қақпа!
– Кісіге қарап есінеме!
– Дастарханға қарап түшкірме!
– Үлкеннің сөзін бөлме, жолын кеспе!
Ақтоты: – Ошаққа су құйма
– Нанды баспа!
– Табаныңды тартпа!
– Қолыңды төбеңе қойма!
– Бас киіммен ойнама!
– Бос бесікті тербетпе!
Зейін: – Малды теппе!
– Бүйіріңді таянба!
– Кешқұрым ұйықтама!
– Айға қолыңды шошайтпа!
– Үйге жүгіріп кірме!
– Біреудің иығын баспа!
Айым: хор «Ата-ананы тыңдаймыз» әні барша әкелерге аналарға арналады. Қабыл алыңыздар.
Гауһар: – осымен 2 «Ә» сынып оқушыларының «Ардақтайық әке менен ананы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Назар қайып тыңдағандарыңызға алғыс айтамыз.
Қорытынды.
Мұғалім: – Осы тәрбие сағаты менің оқушыларыма үлкен ой салып, саналы болуға тәрбие берді деп ойлаймын. Келген ата – аналарға үлкен рахмет айта отырып, тәрбиелеп отырған балаларыңыз саналы азамат болып, сіздердің де, біздің де мақтанышымыз болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
А.АСУБАЕВА,
Қ.Дәрімбаев атындағы №41  ЖББМ-нің мұғалімі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...