Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты: Балаларды қазақ  халқының құндылықтарымен, салт – дәстүрімен таныстыру  арқылы, ауызекі  байланыстырып  сөйлеуді, өз түсініктерін, ойларын көркем  түрде  жеткізе  білуге  үйрету.
Өзіміздің ұлттық киімдерімізді, әшекей бұйымдарды, ұлттық аспаптарды, ұлттық ойындарды соның ішінде  асықпен  ойнайтын ұлттық  ойындарды, арқан тартуды, қол күресті, аударыспақ ойынын,    жүзік –жүзік ойынымен таныстыру.
Міндеті: Балдарға  ұлттық  ойындарды  үйрету арқылы  әділдікке,   достыққа, сыйластыққа, кішіпейілдікке  тәрбиелей  отырып, адамгершілік  қасиеттеріді қалыптастыру. Отанын сүйетін, дінін  салт – дәстүрін    сыйлай  білетін саналы  ұрпақ  тәрбиелеу. Салт – дәстүрді  бойына    сіңіріп  өсіру.  Топпен, жұппен тапсырмаларды  орындату арқылы ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.
Көрнекілік: Ұлттық  ою – өрнектер, ұлттық ыдыстар, суреттер.
 Мұғалім: Саламатсыңдарма балалар? Балалар, бізде  бүгін  ерекше сабақ.   Бізге  бүгін  қонақтар келді. Алдымен  амандасып  алайық.
Балалар: Амандасу  үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, ендеше бәріміз,
 Сәлем  дейік үлкенге!
Мұғалім: ҚР мемлекеттік әнұранын орындалады.
Мұғалім: Балалар, асықты білеміз бе? Асықты  қайдан аламыз?   Асық  арқылы  оқушыларды екі топқа бөлеміз.
Мұғалім:     Сұрақ – жауап.
                      Бір жылды  қанша мезгіл бар?
                      Қазір қай мезгіл?
                      Қандай құбылыстар болады?
                      Бір аптада неше күн бар?
Күз туралы тақпақ білеміз бе?
Қандай ұлттық  бас  киімдерді   білеміз?
Қандай  ұлттықою – өрнектерді  білеміз?
Қандай   сүттен дайындалатын тағамдарды білеміз?
Қандай  ұлттық  әшекей  бұйымдарды білеміз?
                     Қандай  ұлттық  ыдыстарды білеміз?
                     Қандай  ұлттық  аспаптарды білеміз?
Қандай   ұннан  жасалған тағамдарды  білеміз?
Қандай  ұлттық  ойын  түрлерін  білеміз?
1 -тапсырма: Көлеңкесін тап. Ұлттық құндылыққа байланысты суреттерді   тауып, орнына қоямыз. Жұптық  жұмыс.
2 -тапсырма: Боямақ. Оюды бояймыз. Түстерін айтамыз.
Сергіту сәті:  Тұлпарым әніне билеу.
3 -тапсырма: Ұлттық ойындар. Асықату, арқан  тарту,  аударыспақ,    қол күрес,  жүзік – жүзік ойыны.
Мұғалім: Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс -әрекет  сендерге  ұнады ма?   Олай болса от шашулар арқылы өзіміздің көңіл -күйімізді білдіреміз.
Мұғалім: Ұйымдастырылған іс -әрекетқорытындылайды.Ұйымдастырылған іс -әрекетімде алға  қойған  мақсатыма жеттім. Балалар, қазақ халқының құндылықтарын  құрметтейді, өз  Отанын жақсы  көреді. Топтық, жұптық жұмыстарды орындайды. Шығармашылық әрекеттерде жақсы нәтижеге жетуге ұмтылады. Қойылған сұраққа толық жауап береді. Негізгі ойды дұрыс тұжырымдайды, өз пікірін айтады. Ұлттық қимылды ойындарға белсенділікпен қатысады.
  1. Қандай ұлттық бас  киімдерді   білеміз?
Нұрдәулет: Тымақ, Бөрік, Қалпақ, Құлақшын, Тақия
Ақниет:Кимешек, Жаулық, Орамал, Бөрік, Сәукеле, Тақия, Шәлі
 2.Қандай  ұлттық  ою – өрнектерді  білеміз?
Көркем:Жұлдыз, Шұғыла,  Жауқазын, Гүл, Күн, Үш жапырақ.
Мейрам: Қошқар мүйіз,Түйетабан, Мүйіз, Арқар мүйіз, Қос мүйіз.
 3.Қандай   сүттен дайындалатын тағамдарды білеміз? 
Нұрсерік:  Айран, Шұбат, Қымыз, Құрт, Ірімшік, Сүзбе, Май, Қаймақ
 4.Қандай  ұлттық  әшекей  бұйымдарды білеміз?
Ә.Алуа: Кимешек, Жаулық, Орамал, Бөрік, Сәукеле, Тақия, Шәлі
5.Қандай  ұлттық  ыдыстарды білеміз?
Солиха:  Астау,  Ожау,  Тостаған, Табақ, Торсық, Піспек, Құмыра
 6.Қандай  ұлттық  аспаптарды білеміз?
Алихан:  Домбыра, Қылқобыз,  Жетіген, Сазсырнай, Шаңқобыз
 7. Қандай  ұннан  жасалған тағамдарды білеміз?
Е.Алуа: Бауырсақ, Таба нан, Май шелпек, Қаттама
 8.Қандай  ұлттық  ойын  түрлерін  білеміз?
Ердаулет: Көкпар, Аударыспақ, Теңге алу, Қыз қуу,  Асық, Ақ сүйек
Н.КАЛДАНБЕКОВА,
Н.Исмайлов  атындағы №45 ЖББМ-нің мұғалімі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ

       Жуырда ...

ШЕКАРАҒА ҚАДАМ БАСТЫ

        ...

ЕРІКТІ ЖАСАҚШЫНЫҢ ЕРЛІГІ

       «Шекараны ...

ШЕКСІЗ ҚҰРМЕТТІҢ БЕЛГІСІ

       Ерікті ...

Журналистердің апелляциялық шағымын сот қанағаттандырмады

        ...

Жалобу журналистов по иску к МКИ суд оставил без удовлетворения

       23 ...

ТҰСАУКЕСЕР САЛТАНАТЫ БОЛЫП ӨТТІ

        ...

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

Жетісайда Дінмұхамед Қонаевтың өнегелі өміріне арналған семинар-кездесу өтті

        ...