Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҰЛАНЫМЫЗ ҰЛЫ ЕЛДІҢ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҰЛАНЫМЫЗ ҰЛЫ ЕЛДІҢ

ҰЛАНЫМЫЗ ҰЛЫ ЕЛДІҢ

              Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті , оқушылардың қоғамдық, танымдық және шығармашылық белсенділігін көтеру  мақсатында мектебімізде  «Ұланымыз ұлы елдің» атпен оқушыларды «Жас Қыран» қатарына қабылдау салтанаты болып өтті. 
    1-Жүргізуші:
      Қайырлы күн ұстаздар, оқушылар, «Мектеп Парламенті» мүшелері.
 25 қазан – Республика күніне орай 2-ші сынып оқушыларын республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау және өзін – өзі басқару ұйымы Мектеп Парламенті Президентін, фракция мүшелерін  ұлықтау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
    1-Жүргізуші:
     Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық  ұйымының  қатарына қабылдау салтанатты жиынын бастаймыз!
                Түсініп терең, өмірдің мәнін
Жалынды жастар, сендерсің сәнім.
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық Әнұраным!
   Қазақстан Республикасының мемлекеттік   Гимні орындалсын.
   1-Жүргізуші:
Жасұлан-жігерлі де, жайдарлы ұйым
Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым!
Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға
Жасұлан-жалынды ұйым, айбарлы ұйым.
2024  жылдың  7 қазан -17 қазан күндері аралығында өзін -өзі басқару  ұйымының Мектеп Парламенті Президентіне үміткер 3 оқушы сайлау алды бағдарламаларын әлуметтік жиеліге жариялап үгіт насихаттарын жүргізді. 14 қазан күні үміткерлер мектеп оқушыларымен ашық кездесіп, өз бағдарламаларымен ой бөлісті.
 Ал, 18 қазан күні мектебімізде өткен жалпы Мектеп Парламенті Президентінің сайлауында  375 сайлаушы өз дауыстарын беріп, сайлау мәресіне жетті.  Сонымен, бүкіл мектептік сайлау нәтижесінде Мектеп Парламенті Президентінің лауазымына, атап айсақ  186 пайыз дауыс жинаған 9  «А» сынып оқушысы Молдалы Назерке Жайсанбекқызы сайланды.
 Олай болса,
1-Жүргізуші:
    Бүгінгі салтанатты іс-шарамызды ашып беру үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры Сейдеханов Нүркен Жалалұлына және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Алипова Нағима Амиркуловнаға сөз кезегін береміз.
(өзін-өзі басқару ұйым мүшелеріне куәлік беріледі)
1-Жүргізуші:
Өзін-өзі басқару ұйымының Мектеп Парламент Президенті
Молдалы Назерке Жайсанбекқызы салтанатты түрде АНТ қабылдауына рұқсат етіңіздер.
1-Жүргізуші:
Көшбасшылар жарасып сан- салалы,
Шара десе, жиын десе жар салады.
Салтанатты жиынның құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады.
Ән: «Мен Қазақтың баласы»  5 «Ә» сынып оқушысы Тойшыбек Абзал
  1-Жүргізуші:
     Тұңғыш Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасын орындауда да озат оқуымыз бен үлгілі тәртібіміз, спорттағы жеңісіміз мен қоғамдағы жұмыстағы белсенділігімізді бағалағанын мақтан етеміз. Біз- Қазақстан болашағымыз!  Біз мақтаныш тұтуға лайықпыз!
  Егеменді Елдің тірегі,
Мектептің болашағы, жігері
Достық пен татулық тілегі
«Жас Ұлан»   ұйымының біз түлегі.
1-Жүргізуші:
      Құрметті мектеп әкімшілігі, ұстаздар және «Жас Ұлан» ұйымының белсенді оқушылары, «Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері,  Сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға Туымыз түстес көгілдір галстук тағу  рәсіміне шақырамыз. (галстуктер тағылады)
2-Жүргізуші:
    Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, «Жас Ұлан» ұйымының  антын айту құрметі оқу озаты
 2 «А» сынып оқушысы – Айтмырза Нұрайға  беріледі.
2 «Ә» сынып оқушысы -Айтқожа Жібекке беріледі.
2 «Б» сынып оқушысы -Аким Жақсылыққа беріледі.
 Оқушылар «Жас қыран» ұйымының Антын салтанатты түрде айтты.
1-Жүргізуші.
      Құрметті жаңадан «Жас Қыран» ұйымына қабылданған балалар. Республикалық  «Жас Ұлан» ұйымына мүше болуларыңызбен құттықтаймыз!
Оқуда озат, Отанымыздың белсенді азаматтары болуларыңызға тілектеспіз!                     
 Ән: «Қазақстан» 7«А» сынып оқушысы Балтабек Гүлдер
 БИ:  «Көк тудың желбірегені» 6 «Ә» сынып оқушылары
 1-Жүргізуші:
    Бүгінгі салтанатты жиынымыз өз мәресіне жетті. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Нұрлы күндерде жолыққанша сау-саламатта болыңыздар!
2-Жүргізуші:
     Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымына алғаш рет мүшелікке қабылданған балаларды құттықтай отырып, жиынды аяқтаймыз!
Гулжан САГИНДИКОВА,
Н.Исмайлов атындағы №45 ЖББМ-нің аға тәлімгері.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...