Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
«КҮЗ АРУЫ-2024» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «КҮЗ АРУЫ-2024» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

«КҮЗ АРУЫ-2024» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

   «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында мектебіміздің қосымша білім беру педагогтарының ұйымдастыруымен 22-қазан күні 8-9-10 сыныптар аралығында мектепшілік «Күз аруы-2024» байқауы өткізілді. 
Бұл байқаудың мақсаты:
  1. «Күз аруы – 2024» сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
  2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
  3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу болды.
Жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Күз аруы-2024» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз – жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз – байлық, молшылық.

Қош келдіңіз көрермен,
«Күзгі балдың» кешіне.
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт – береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.

   Ендеше, бүгінгі «Күз аруы -2024»сайысына қатысушы қыздарымызды ортаға шақырайық.
8 Ә сынып Жандарбек Гүлсезім
9 «А» сынып Әлібек Аяна.
9 «Ә» сынып Құдайберген Аяулым
10 «А» сынып Нарова Дилфуза
10 «Ә» сынып Шерехан Арайлым
Жүргізуші:
Күз мейрамы құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқасымен таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа.
Жүргізуші:
   Бүгінгі сайысымыздың әділқазылар алқасын таныстырып өтейін:
Күз мейрамы құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқасын таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа,- дей отырып құрметті көрермендер сіздерді бүгінгі сайысымызды саралап, әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
  1. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Алипова Нағима апай
  2. Еңбек пәнінің мұғалімі : Райымбекова Баян апай
  3. Қазақ ті мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жунисова Ботакөз апай
    Бүгінгі сайысымыздың ережелерімен таныстырып өтейік:
1.Таныстыру
2. Өз өнері (ән, би, күй т. б)
3. Қол өнері (үй жұмысы
  1. Сұрақ-жауап
  2. Ас адамның арқауы( күзгі салат жасау)
    6. КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ (күзгі киім үлгісі)
  3. Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер, дайын болсақ бірінші сайысымыз таныстырудан бастаймыз.
8 Ә сынып Жандарбек Гүлсезім
9 «А» сынып Әлібек Аяна.
9 «Ә» сынып Құдайберген Аяулым
10 «А» сынып Нарова Дилфуза
10 «Ә» сынып Шерехан Арайлым
  Жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.
2.Ортада сайыскерлеріміздің өз өнері шарты бойынша қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық.
8 Ә сынып Жандарбек Гүлсезім
9 «А» сынып Әлібек Аяна.
9 «Ә» сынып Құдайберген Аяулым
10 «А» сынып Нарова Дилфуза
10 «Ә» сынып Шерехан Арайлым
  1. Қол өнер шарты бойынша қатысушыларымызға күз мезгіліне байланысты қолөнер әкелуге тапсырма берген болатынбыз. Олай болса, қолдарынан бал тамған қыздарымызды ортаға шақырайық. Сайыскерлеріміз өздерінің жасаған жұмыстарын таныстырып өтсін.
8 Ә сынып Жандарбек Гүлсезім
9 «А» сынып Әлібек Аяна.
9 «Ә» сынып Құдайберген Аяулым
10 «А» сынып Нарова Дилфуза
10 «Ә» сынып Шерехан Арайлым
  1. Сұрақ – жауап сайысына кезек берейік.
5.Ас адамның арқауы шарты бойынша аруларымыздың  күзгі салат жасау сайысына кезек берейік. Ортаға аруларымызды шақырайық.
8 Ә сынып Жандарбек Гүлсезім
9 «А» сынып Әлібек Аяна.
9 «Ә» сынып Құдайберген Аяулым
10 «А» сынып Нарова Дилфуза
10 «Ә» сынып Шерехан Арайлым
5.Арулар неткен сымбатты,
Ғажайып нұрға бөленген.
Алтын күзге үн қатты
Сәнді киім түрімен,- деп сайысымыздың соңғы кезеңіне де келіп жеттік.
Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді. Бұл сайысымызда «Күз аруына» қыздарымыз қолдарынан дайындап келген киім үлгілерін көрсететін болады. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық!
8 Ә сынып Жандарбек Гүлсезім
9 «А» сынып Әлібек Аяна.
9 «Ә» сынып Құдайберген Аяулым
10 «А» сынып Нарова Дилфуза
10 «Ә» сынып Шерехан Арайлым

(Сахнада сайыскерлеріміз күздік киім үлгілерін көрсетеді)

Жүргізуші:
Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен – күнге.
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей келе бүгінгі сайсымызды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау үшін сөз кезегі әділқазыларға беріледі!
Әділқазылар жеңімпаздарды анықтап, марапаттады.

Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі «Күз аруы-2024» атты күзгі бал кешіміз осымен аяқталды.
        Қыздарымыз байқау шарттары бойынша бақ сынасып, әділ қазылар алқасының шешімімен  – Бас жүлде  9″Ә»сынып оқушысы Құдайберген  Аяулымға, 1-орын 8″Ә»сынып оқушысы Жандарбек Гүлсезімге, 2-орын 10″А»сынып оқушысы Нарова Дилфузаға, 3-орындармен 10″Ә»сынып оқушысы Шерехан Арай мен 9″А»сынып оқушысы Әлібек Аяна марапатталды.
Нұргүл ЫБЫРАЙ, 
«Н.Исмайлов атындағы №45  ЖББМ-ның қосымша білім беру педагогы.
Жетісай ауданы. 
      

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ

       Жуырда ...

ШЕКАРАҒА ҚАДАМ БАСТЫ

        ...

ЕРІКТІ ЖАСАҚШЫНЫҢ ЕРЛІГІ

       «Шекараны ...

ШЕКСІЗ ҚҰРМЕТТІҢ БЕЛГІСІ

       Ерікті ...

Журналистердің апелляциялық шағымын сот қанағаттандырмады

        ...

Жалобу журналистов по иску к МКИ суд оставил без удовлетворения

       23 ...

ТҰСАУКЕСЕР САЛТАНАТЫ БОЛЫП ӨТТІ

        ...

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

Жетісайда Дінмұхамед Қонаевтың өнегелі өміріне арналған семинар-кездесу өтті

        ...