Home » PRESS RELEASE » News » ШЕТЕЛ “КЕЛІНШЕКТЕРІ”

ШЕТЕЛ “КЕЛІНШЕКТЕРІ”

         2010 жылы жапон келіншегімен танысып, иесінен алдым. Жасы 22-де еді, аппақ денесі ажарын ашатын. Үш жыл бірге жүрдік. Күнделікті жуынып-шайынғанынан бөлек, апта сайын бүкіл бәденін шомылдыратын едім. Талай жерге бардық, қыдырдық. Қатты ұнады маған. Үйдегілер де оған риза еді, әрине күнделікті жұмыстың бәрін бітіретін ғой. Бір айыбы – көз жанары нашарлау болды. Түнде жай жүретінбіз. Әне-міне жаңа көзілдірік аламын деп жүргенде бір жігіттің көзі түсіп, әкетіп қалды. Қанша қимасым болса да саттым…
         2014 жылы он тоғыз жастағы неміс келіншегі ұнаған соң алдым. Қызыл шырайлы қыздай, жып-жинақы. Жүрісі де шапшаң. Ас-суды азырақ ішіп, жейді. Алты айдан соң “өнер” шығара бастады. Өкпесін емдедім, асқазанында кілтипан бар еді, оны реттедік. Жастың аты жас қой, зырылдап жүретін. Онысына қызығып, мен де оны тізгіндеп алып құстай ұшатын кездерім болды. Амал нешік, тұмсығын соғып алды. Қан ақты, мұрны қисайды. Әй, өзімнен де бар ғой. Тым еркінсітіп жібердім. Қоңырлау келген өңіне ота жасалуы керек. Ашуландым да үйге қамап қойдым. Одан да құтылдым -ау…
         2018 жылдан бері өзбек келіншегім астымда. Жақсы, жүрісі ширақ. Сыр еліне, Жетісу өңіріне, оңтүстік далаларына талай бірге бардық. Ұятқа қалдырған кезі жоқ. Анда-санда жөтеліп қоятыны болмаса, дені сау. Бірақ, қартайып барады.
Ойланып жүрмін… Су жаңа қыз алам-ау. Салонға барып. 😊
Н. Т.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЙНАЙЫҚ ТА ОЙЛАЙЫҚ!»

Оқушыларыма барлық арифметикалық амалдарға ...

БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ!

 Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру, ...

ҰЛАНЫМЫЗ ҰЛЫ ЕЛДІҢ

        ...

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты: Балаларды қазақ  халқының ...

АЙТАРЛЫҚТАЙ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ БАР

        ...

ТОЛАҒАЙ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ БАР

        ...

Ардақтайық әке менен ананы!

Мектебімізде болып өткен «Ардақтайық ...

КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ МЕН ХАНЗАДА

       Мектебімізде ...

ТАРИХИ ТҰЛҒА

        ...

Ардагер ұстаз

ИБРАЕВ ҚУАНЫШ  БӘЖЕНҰЛЫ   ...