Home » PRESS RELEASE » News » Аққала ауылында әуежай салынады

Аққала ауылында әуежай салынады

         Абай облысы, Ақсуат ауданындағы Аққала ауылында әуежай салынады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
       Әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысын аудан азаматы Дулат Тастекей жеке есебінен қаржыландырылады. Қазір әуежайдың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Құрылыс орны да белгіленді. Әуежай тапсырылған кезде Тарбағатай, Көкпекті және Зайсан ауданының тұрғындары Семей, Өскемен, Алматы мен Астанаға ұшақпен қатынайды.
«Нысанның құрылысы өңірдің туризм саласын дамытуға да оң ықпал етеді», — дейді мамандар. Жобаны жүзеге асыру үшін шамамен 4 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалады.
“Жыл соңына дейін әуежайдың жобалық-сметалық құжаты дайын болады деп есептеп отырмыз. Наурыз айына дейін экспертизадан шығару жоспарда бар. Біздегі мына Елеке сазы бар қазір. Дора деген туристік орнымыз бар. Соның барлығына халықтың келуіне әуежай құрылысының септігі бар”-деді Ақсуат ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ерсін Ескендіров.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЙНАЙЫҚ ТА ОЙЛАЙЫҚ!»

Оқушыларыма барлық арифметикалық амалдарға ...

БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ!

 Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру, ...

ҰЛАНЫМЫЗ ҰЛЫ ЕЛДІҢ

        ...

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты: Балаларды қазақ  халқының ...

АЙТАРЛЫҚТАЙ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ БАР

        ...

ТОЛАҒАЙ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ БАР

        ...

Ардақтайық әке менен ананы!

Мектебімізде болып өткен «Ардақтайық ...

КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ МЕН ХАНЗАДА

       Мектебімізде ...

ТАРИХИ ТҰЛҒА

        ...

Ардагер ұстаз

ИБРАЕВ ҚУАНЫШ  БӘЖЕНҰЛЫ   ...