МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН
Posted by: Қалмұрат
in News, Білім саласы, Жас буын, Қоғам
08/11/2024
57 Views
Цифрлық дəуірде еліміздің білім беру жүйесі жаңа талаптарға жауап беріп, жастардың білімі мен тəрбиесіне үлкен назар аудара бастады. Бүгінгі таңда білім беру мекемелерінің басты міндеті – болашақ ұрпаққа ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, саналы азамат тəрбиелеу. Осы орайда, мұғалімдеріміздің кəсіби құзыреттіліктерін үнемі жетілдіру қажеттілігі артып келеді. Біздің ұжымымыздың ішінде математика әдістеме бірлестігінде атқарылып жатқан істер орасан зор.
Математика пәні мұғалімдері оқушылардың математика сабағына деген қызығушылығын оятып, сабақта жаңа технология әдістемелерін қолдана отырып, оқушылардың біліктілігін дамытуда. Оқушыларды олимпиадаларға, ғылыми жобаларға қатысуға дайындап, ерекше қабілетті, дарынды оқушылармен дамыту жұмыстарын жүргізуде. Пәнге деген қызығушылығын ояту мақсатында түрлі интеллектуалды жарыс ойындарын ұйымдастырып, бірлестік ауызбіршілікпен жұмыс жасап келеді. Сонымен қатар жақында мектебімізде ұйымдастырылған «Цифрлық дәуірде мұғалімдердің кәсіби құзыреттерін тұрақты және жүйелі түрде дамыту мәселелері» тақырыбындағы «V Республикалық конференцияға» қатысып, өз тәжірбиелерімен бөлісті. Математика пәні мұғалімдері Улжалгас Примбекова және Жанар Турусовалар 2024 жылы облысқа бірлесіп дайындаған «Тригонометриялық функциялар» тақырыбындағы озат тәжірибелерін жариялады. Оқушыларымыздың да жетістітері аз емес: 11 «Б» сынып оқушысы Ақнұр Дүйсехан Президенттік олимпиададан 3 орынды иеленіп келді. Жас маман Сания Қасымбекованың жетекшілігімен «Алтын қыран – ерекше дарын иесі» олимпиадасынан 6-сынып оқушысы Серик Аяулым 3-орынды қанжығасына байлады.
Мектеп директоры және математика пәні мұғалімі Улжалгас Примбекова «Математика сабағында ұлттық құндылықтарды дәріптеу» тақырыбында бірлескен баяндама оқыды. Баяндамасында ұлттық құндылықтарымызды азаматтарымыздың, әсіресе өскелең ұрпақтың бойына сіңірудің оңтайлы жолын табуымыз туралы және бұл ретте негізгі салмақ білім беру саласына түсетіні сөзсіз екені жайында айтты.
Ал мен «Математика сабағында ұлттық құндылықтарды дәріптеу» тақырыбында бірлескен баяндама оқып, онда жаһандану мен технологиялық өзгерістер қалыпты жағдайға айналып отырған қазіргі заманда ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамыту ерекше маңызға ие болып отырғанын айттым. Бұл үдерісте білім басты рөл атқарады, ал математика іргелі пән ретінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруға және нығайтуға үлкен үлес қоса алады.
Осы аталған ұстаздармен қатар мен де педагогикалық шеберлік орталығының және «Ұлағат» оқу-әдістемелік орталығының сертификатымен марапатталдым.
Ұстаз білімге шығатын жолды нұсқаушы сонымен қатар оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыра отырып ізденушілігіне зер салатын белгілі тұлға. Оқытушы мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен іс-қимыл әрекетіне әсер етуші және білім нәрін сеуіп нұрландыратын тынымсыз жан деп білеміз. Ұстаздарымызға өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі сіңіріп жатқан қажырлы еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке, бірлік тілейміз.
Жазира ЮСУПОВА,
М.Шоқай атындағы №26 ЖББМ математика пәні мұғалімі.
Жетісай ауданы.
2024-11-08