Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        Ұстаз – өсіп келе жатқан жас ұрпақтың  сәулеткері іспеттес, бүкіл халық үміт артып  кемелді келешегін тапсырған сенімді өкіл десек те болар. Осы орайда Ескендір Зұлхарнайынның ұстазы туралы сөздерін еске түсіре кетсек:  «Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотелден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым» деген екен. Осы сөздердің бос айтылмағанының дәлелі бүгінгі ұстаздар қауымы деп айтсақ қателеспейміз. 

         Оқушының тарыдай болып келгеннен бастап  хат танытып білім ,нәрімен сусындатып, ес біліп жаңа өмірге қадам басқанша, жаңа  өмірге  дерліктей дайын рухани  тәрбиелі  жасөспірім тұлғаны қалыптастырып шығарушыда ұстаз. Қазақ мектебінің болашағы туралы  М.Жұмабаевтің «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деген сөздердің астарында  мемлекеттің мәдени рухани  болмысын дамытудағы, қоғамдық өмірмен ұлттық мектептің ұштастыра қалыптасуында  ұстаздардың  еңбегі  зор. Ұстаз жолы-ауыр жол дейтінім ұстаздардың  әсерлі үнімен  мәнерлеп, асықпай, білім алушыға жеткізе әр бір оқушыға қамқорлықпен  аналық, әкелік сезімімен дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай, оқушының жан дүниесін түсініп, ренжітпей қателігін түсіне білуге икемдеу – бұл нағыз ұстаздық шеберлік емес пе?! Бір жағынан білім нәрімен сусындатса екінші жағынан үнемі шәкіртерімен жақсы қарым қатынасты сақтай білетін  жан бұл – ұстаз деп білеміз.
          Сол тұлғаларға ұқсап бағу, еліктеушілік сезімдерді бастан өткізіп, кішкентай кезімізден  арман ойдың жетегінде  мұғалім болуды арман етіп ,мектептің қабырғасынан  түлеп  ұшып асқақ арманымызға   жету үшін шет тілдері  оқытушысы мамандығын тәмәмдадық.  Бала оқыту жолында іргетасы қаланғанына бір ғасыр толайын деген, өзі ескі болсада ішінде шәкірттерге берер білімі  мол  білім ордамызда  бірнеше жыл еңбек етіп келе жатырмын. Қоштаушыңыз  көп болсын! деген қағидатты ұстана отырып   осы мектептің директоры, әрі білікті өз мамандығының шебері  ұстаздық жолында еңбегі елеулі Ұлжалғас Примбекова  апайымыздың мектеп  ұстаздарына  қолдау білдіріп отыруы, мектеп мұғалімдеріне рухани азық деп білемін. Осы орайда мектеп директорының  оқу ісі бойынша  орынбасарлары Н.Тобақабылов, М.Ебеков мұғалімдердің шығармашылық жолындағы іздерістеріне  тың идеялар ұсынып, әсіресе жас мамандардың білікті ұстаздар қатарына қосылуына үлес қосып келеді.
         Мамандығымыз филолог шетел тілдер оқытушылары, осы мектепте бір кемеде келе жатырмыз. Мектеп өмірінің қызықты тұстарыда, мәселелі тұстарын да бірге атсалысып шешімен тауып келеміз. Жас та болса Н.Нурматова апай осы бірестікке  жетекшілік жасаумен қатар шәкірт тәрбиелеумен білім беруде үлес қосып шәкірттерім аудандық, облыстық «Зерде» ғылыми жоба байқауларымен пән олимпиадаларында  жүлделі орын алып, өз бойындағы шығармашылық қабілетін  ерекше айқындап, мектепішілік аудандық «Lesson study» сабақты зерттеу семинарында  ашық сабақтар өткізіп, мұғалімдер арасында жылда болып өтетін олимпиадалар мен сайыстардың жеңімпазы атанып  жүрген білікті ұстаз.
        Бірлестікте  өз мамандығын үздік бітірген, зейнет жасына қадам басқалы отырған   Д.Айнабеков ағайымыз  іздемпаздығымен өз мамандығының майталманы деп білеміз. Осы мектептен түлеп ұшқан шәкірттердің көбісіне өз мамандығын жаңылмай таңдап, қазіргі таңда жоғарыдан көрініп жүрген, шетел тілдерін жетік меңгерген, әлемнің түкпір түкпірлерінде филология ғылымдарының докторларының  еңбек етуіне үлесін  қосқан білікті ұстаз десекте артық айтпаған боламыз.
          Жылда қайталанып келетін тілдер апталықтарында  шәкірттерінің қызығушылығын ескере отырып  ұйымдастырған түрлі дебаттармен дөңгелек үстелдері  оқушылар түгілі, мына біздер ұстаздар ұйып тыңдап, сабақ еш аяқталмаса деген оймен шабыттанып,ағайдың сабағынан әсерлі күйді бастан кешеміз. Осы орайда бірлестікте қатар еңбек етіп келетін А.Жусипбекова, М.Ахылбекова, Г.Сағындыкова апайларымыздың оқытқан шәкірттерінің  жоғары  білім ордаларында қызмет жасап келетіндеріде аз емес. Ұстаздық жолында  еңбек етіп, еңбегі елеусіз қалмаған шәкірттері «Зерде» ғылыми жоба байқауларынан, пән олимпиадаларынан қолдары бос қайтпайтын, жүлделі орындармен мараппатталып жүрген ұстаздарымыз М.Ахылбекова, Г.Сағындыкова,  мұғалімдер арасындағы «Алтынсарин жазулары», «Байтұрсынов оқулары» сайыстарында  елеулі орындарымен А.Жусипбекова  білікті ұстаздар қатарында. Өз іздемпаздығыммен авторлық бағдарламам аудан көлемінде таратылып, жазған еңбегі көптеген ұстаздардың  көмекші құралына айналып, шәкірттерге білім беруде үлесін қосқаны сөзсіз. Пән олимпиадаларында мұғалімдер арасында алғыс хаттармен  жүлделі орын иегері.
          Шәкірт оқытудағы өзіндік үлесі бар, шәкірттері  атап айтсақ «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты республикалық байқауының бірінші орын жүлдегері, зияткерлік олимпиадалардан орын алған оқушыларыда көптің қарасы. Ағымдағы оқу жылының қыркүйек айында ел ұстазы А.Байтұрсыновтың туылған күніне орай өткізілген «Мәңгілік ел мәртебелі тіл» тақырыбында мұғалімдер арасындағы мақала жазу байқауынан алғыс хатпен мараппатталды. Бірлестікте жас мамандардың қатарында еңбек етіп келетін жас мұғалімдерімізде бар А.Дарменова мен А.Ерназар  бірлестіктің мәртебесін көтеруде, шәкірт оқытуда өзіндік үлестері бар А.Дарменова  мұғалімдер арасында болып өткен «Педагогикалық идеялар фестивалінде» жүлделі орын алып оқушылары олимпиадаларда жақсы жетістіктерге қол жеткізіп келсе, А.Ерназар, А.Дарменова қос мұғалім аудан көлемінде Жетисай ауданы білім бөлімінің  шетел тілдері әдіскері Н.Асылбековнаның  бастамасымен  мұғалімдер арасында болып өткен «Спикер тайм» жобасының мәрелік сайысының жүлдегерлері. Ағымдағы жылдың оқу жылының басында мұғалімдер арасында өткізілген «Өнерлі ұстаз» байқауының   А.Ерназар алғыс хатпен марапатталды.
          Бәрін айт та бірін айт «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп данышпан Абай айтқандай, ерінбей, жалықпай еткен еңбегінің арқасында шәкірттерінің жүрегіне жол таба білген мұғалім ғана, нағыз ұстаз бола алады. Бірлестіктің жылдар бойы еңбегінің нәтижелерін сарапқа салып,егжей тегжейлі санап  айтатын болсақ жетерлік, тек қағаз беті мен уақыт шектеулі демесек. Алдағы уақытта еңбек жолында бірге қадам басып келе жатқан ұжымдастарыммен, шетел тілдері бірлестігіндегі  әріптестеріме қажымас қайрат,шығармашылық табыс пен  щәкірт тәрбиелеумен  қатар білім нәрімен сусындата отырып тек биік жетістіктерге жете беріңіздер дегім келеді.
Таттикул МАТЕЕВА,
М.Шоқай атындағы №26 ЖББМ,
Ағылшын тілі пәні бірлестігінің жетекшісі.
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...

ТИІСТІ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЙЕЛЕНДІРУДІ ТАПСЫРДЫ

        ...