Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

         Өткен аптаның жексенбісінде ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасында өткен салтанатты рәсім біз үшін ең алдымен «Күз-2024» шақырылымы сарбаздарының ата-аналарымен сұхбаттасудан басталған.
       Қатардағы жауынгер Нұржан Суровтың ата-анасы Исқар ағамыз бен Эльмира апай бүгінгі шараға арнайы қатысу үшін Жамбыл облысының Қордай ауданына қарайтын Қызылсай ауылынан ат терлетіп жеткен көрінеді. Бізбен емен-жарқын амандасып, сұхбат беруге ықыластана келісім берген ерлі-зайыпты Суровтардан білгеніміз, ұлдары Нұржан өскерге өз еркімен сұраныпты.
        – Ата-ананың көңілі балада ғой… Ұлымызды көріп, мауқымызды басу үшін сағынып жеткен жайымыз бар. Көзіміздің қарашығы бүгін ант қабылдайын деп жатыр. Бұл да ұлымыздың ер-азамат атанғаны. Біз үшін осы қуанышын көруден асқан бақыт бар ма?, – дейді қатты толқыған Исқар Суров.
Ал бұл кезде олардың ту сыртында, орталық алаңның бойында сап түзеген 500-ге тарта жас сарбаздың бірі, қатардағы жауынгер Н.Суров та ата-анасы секілді толқып тұр еді…
       …Салтанатты рәсімді ашқан департамент бастығы полковник Әлібек Каюповтың бұйрығымен, алаңға Жауынгерлік Ту келтірілген соң «Күз-2024» шақырылымының сарбаздары ант қабылдауға кіріскен. Осылайша, сарбаздардың «Мен, қатардағы жауынгер ….» деп саңқылдап шығып жатқан дауыстарынан шекараны қорғаудың барлық ауыртпалығын, туған елінің тыныштығы үшін желдің өтінде жүруге тас-түйін дайын екендіктерін анық байқауға болатын.
        Бұдан әрі, рәсімнің негізгі бөлімі басталып, департамент бастығы полковник Ә.Каюпов, Ұйғыр ауданының әкімі Б.Елеусізова сөз сөйлеп, сарбаздарды ант қабылдауларымен құттықтады. Сондай-ақ, сарбаздар атынан сөйлеген қатардағы жауынгер Дияс Тілектес өздеріне көрсетілген сенімді ақтап, ел шебін көздерінің қарашығындай күзетуге уәде берді.
        Тағы бір айшықты оқиға, департамент бастығы полковник Ә.Каюпов көпшіліктің алдында «Срочник 2.0» бағдарламасының грантын жеңіп алған «Күз-2023» шақырылымының қос сарбазы, қатардағы жауынгерлер Расул Артықжанов пен Еділ Тілеубекке сертификат тапсырып, Отан алдындағы қызметтеріне алғыс білдірді.
         Шара соңы шекара басқармасының арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобының сахналық көрінісіне ұласты. Желдің өтінде жүруге жаралған сайыпқырандар шекара бұзушыларды ұстаудың әдіс-тәсілдерін шебер көрсете білген. Бұл үшін алаңды нағыз шайқас даласына айналдырған шекарашылардың әбжіл қимылдары олардың жауынгерлік даярлықтары жоғары деңгейде екенін айғақтап тұр еді.
          «Мен қазақпын» әні. Ең алғаш, Қарулы Күштердің әскери шеруінде орындалған осынау ән бүгінде шекарашы сарбаздардың әнұранына айналған. Біздің сарбаздар бұл әнді сапта, марштар мен жорықтарда орындауды берік дәстүрге айналдырған. Енді міне, бүгін тағы да орындалған осынау патриоттық рухтағы тамаша әнді 500 сарбазбен бірге  алаң шетіне жиналған халық та толқи тұрып орындаған… Әннің құдіреті деген осы болар, тегі?!
        Осылайша, өте шыққан рәсімнен кейін ата-аналар өздерінің ұлдарымен қауышып, мәре-сәре болған.
         Иә, халқыңа, оның заңды сайланған Президентіне, өзіңе серт беру – тамыры тереңде жатқан ерекше жауынгерлік рәсім. Осынау айрықша сәтті өз бастарынан өткерген сарбаздар сенімге селкеу түсірмейді.
Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...

ТИІСТІ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЙЕЛЕНДІРУДІ ТАПСЫРДЫ

        ...