«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Sports, Анонсы, Жаңалықтар, Спорт
10/11/2024
6 Views
Жетісай қаласының 55 жылдығы аясында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Жетісай қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Jetisai Marathon – 2024» марафоны мыңға тарта тұрғын қатысты.
«Жеңіс» алаңынан бастау алған марафон қатысушылары М.Әуезов, ҚА.Яссауи, Амангелді, Қожанов көшелерін жүгіріп өтіп, мәреге қайта оралды.
Жас ерекшелігіне қарай 18-30, 31-45, 45 және одан да жоғары жастағы аудан және қала тұрғындары қатысқан марафонда аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов сөз сөйлеп, көпшілікті қаланың 55 жылдығымен құттықтады. Қатысушыларға сәттілік тілеп, алғысын білдірді.
«Бүгінгі қаламыздың мерей тойы аясында өткізіліп отырған марафон – спорттық мереке ғана емес, ерік-жігердің, батылдықтың көрінісі. Біз осындай марафондар арқылы бұқаралық спортты, саламатты өмір салтын кеңінен насихаттай аламыз. Мұндай шаралар ауданымызда бұқаралық спорттың дамуына зор септігін тигізеді, қоғамда салауатты ұрпақ қалыптастыруға үлес қосады деп сенемін. Бұл марафон сіздерге тек жағымды эмоциялар сыйлап, спорттағы және өмірдегі жаңа жетістіктерге бастама бола берсін! Қаламыздың 55 жылдығы құтты болсын!» деген аудан басшысы марафоншыларға сәттілік тіледі.
Марафон соңында 3,5 шақырым қашықтықты бағындырып, бірінші болып мәре сызығын кескен жеңімпаздар мен белсенді қатысқандар ұйымдастырушылардың арнайы дипломдары мен медальдарына, бағалы сыйлықтарына ие болды.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.
2024-11-10