Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАЖЕТТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚАЖЕТТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

ҚАЖЕТТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

        Облыс әкімдігінде өткен жиналыс кезінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды аудан басшысына өндіріс орындарын ашу, су үнемдеу технологияларын енгізу, ауыл шаруашылығын дамыту, өңдеу өнеркәсібін жандандыру жөнінде тапсырмалар берді.
        – Ауданның әлеуеті жоғары болғанымен көрсеткіштер ойдағыдай емес. Тұтас команда жұдырықтай жұмылып, жүйелі жұмыс атқаруы керек. Елге нақты жобалар, өндіріс орындары қажет. Суармалы жерді толық игеру, су үнемдеу технологияларын енгізу бағытын күшейтіңіздер. Ауданға тиісті қолдау көрсетілуде. Соны тиімді пайдаланыңыздар. Ауыл шаруашылығын әртараптандырып, терең өңдеуге басымдық берілсін. Ізденіңіздер, нәтиже көрсетіңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.
       Осы жиында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов, ауданды дамыту үшін негізінен ауыл шаруашылығы, сауда, өнеркәсіп және құрылыс саласы бағыттарына басымдық беріліп отырғанын айтты. Ол үшін инвестиция тарту, жаңа технологияларды ендіре отырып, өнімділікті арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жанданбақ.   Ауданда биылғы 9 айда жалпы өңірлік өнім көлемі 112,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,2 пайызға артып отыр.
         Әзірленген даму стратегиясында барлық көрсеткішті жақсарту көзделген. Жалпы өңірлік өнім көлемін 2030 жылға дейін 2,3 есе өсіріп, 387 млрд. теңгеге жеткізу көзделген. Оның ішінде өнеркәсіп өнім көлемін 19,3 млрд. теңгеден 38,5 млрд. теңгеге дейін, құрылыс көлемін 10,4 млрд. теңгеден 14,8 млрд. теңгеге дейін, ауыл шаруашылығы өнімі көлемін 249,1 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 2030 жылға дейін өнеркәсіп 2 есе, өңдеу өнеркәсібі 2 есе, құрылыс көлемі 1,4 есе, сауда 2,3 есе, ауыл шаруашылығы өнімі көлемі 2,4 есе артпақ.  Ауданға соңғы 5 жылда 90,2 млрд. тенге инвестиция тартылса, 2024-2030 жылдар аралығында құны 115,2 млрд. теңге болатын 69 жобаны іске асырып, 4 683 адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарлануда.
        Осы жоспар нақты жүзеге асатын болса. онда салық түсімі артып қана қоймай, негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі 3,8 есе өседі. Өнеркәсіп саласында құны 63,2 млрд. теңге болатын 20 жоба іске асып, 2706 адам жұмыспен қамтамасыз етіліп, бюджетке 1 млрд. 260 млн. теңге салықтық түсімдер түседі деп межеленген. Ауданда 50 гектар жер аумағына «Жетісай» индустриалды аймағын ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда жер телімдерін мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстары жүріп жатыр.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...