Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АУДАНДА 8 ІРІ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АУДАНДА 8 ІРІ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

АУДАНДА 8 ІРІ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

          Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында мақта-тоқыма кластерін дамытуда 2024-2030 жылға дейін жалпы құны 70 млрд. теңгені құрайтын 8 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Осы арқылы 3020 адам жұмыспен қамтылып, бюджетке қосымша 1 млрд. 862 млн. теңге салықтық түсімдер түседі деп болжануда. Бұл туралы облыс әкімдігінде Мақтаарал ауданының 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясы талқыланған мәжілісте айтылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтааралдың даму қарқынын арттыру керектігін айтып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
        – Біз Мақтаарал ауданын дамытуда негізгі басымдықтарды айқындап, жоспарлап алмасақ, экономикалық даму болмайды. Нақты ұсыныстар аз. Даму жоспарын нақтылап, күшейте түскен жөн. Мақта кластері, ауыл шаруашылығын әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын енгізу маңызды. Ауыл шаруашылығы дақылдарын терең өңдеуге басымдық берілсін. Логистикалық әлеуетті көтеру де назарға алынсын. Жұмысты жандандырыңыздар, – деген Дархан Сатыбалды жоспарды жетілдіруді тапсырды.
         Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың айтуынша, «Cotton МАКТА» ЖШС тарапынан 2025-2026 жылдар аралығында жылдық қуаттылығы 10 мың тонна болатын жіп иіру фабрикасын салу жоспарлануда. 800 жаңа жұмыс орны ашылады. «Global Textile» ЖШС тарапынан Бірлік ауылдық округінен 10 гектар жерге 13,8 мың тонна қатты және боялған жайма өңдеу фабрикасын салу жобасы әзірленуде. Бүгінгі таңға 10 мың тонна мақта шикізатын қабылдайтын бекетінің құрлысы жүргізілуде. Жоба құны – 21 млрд.теңге, 1000 адамға жаңа жұмыс орны ашылады деген болжам бар. «Тulpar textile» ЖШС 2025-2028 жылдары 5 мың тонна жіп иіретін фабрика салуды көздеп отыр. Ал «Тамила» ЖШС 2026 жылы мақта қабылдау зауытын салуға ниетті. Сонымен бірге «ХлопкоПромЮг» ЖШС, «ZHANNASYL TEXTILE» ЖШС, және «ZHYBEK TEXTILE» ЖШС-лары да мақта кластері бойынша жобаларды жүзеге асырады.
         Ауданда Даму стратегиясында инвестициялық жобаларға басымдық беріліп отыр. Мақтаарал ауданы бойынша 2024-2030 жылдарға жалпы құны 94,1 млрд. теңгеге 53 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Ашылатын жұмыс орындары – 3810. Салықтық түсімдер 2 млрд. 451 млн. теңгеге ұлғайып 10 млрд. 431 млн. теңгеге жетеді деп күтілуде. Ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 15,8 млрд. теңге болатын 26 жоба жүзеге асып 541 жұмыс орны құрылады. Өнеркәсіп саласында жалпы құны 75,3 млрд. теңге болатын 16 жоба жүзеге асып, 3100-ден астам жұмыс орны құрылады деп көзделген Салықтық түсімдер 1 млрд. 969 млн. теңгеге жетеді деп межеленген. Туризм саласында 11 жоба жүзеге аспақ.  Өнеркәсіп саласындағы 11 жобаның, 7-еуі индустриалды аймақта орналасса, 4 жоба арнайы аймақтарда жүзеге аспақ. Мақтаарал ауданы индустиралды аймағының жалпы жер аумағы – 24 гектар. Қазіргі таңда аталған аймақта құны 3 млрд. 450 млн. теңгені құрайтын, 137 жұмыс орнын қамтитын 4 жоба жұмыс істеуде. 2024-2030 жылдары аралығына жалпы құны 4 млрд. 740 млн. теңгені құрайтын, 7 жоба жоспарланып, 100-ге жуық жұмыс орны ашылады деп болжануда.
         Мақтааралда егін шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша 2030 жылға дейін мақтаны 30 мың гектарға мөлшерлеп, яғни 3,7 мың. гектарға азайтып, өнімділікті 60 центнерге ұлғайту жоспарланып отыр. Мақта дақылының 15 мың гектарын су үнемдеу технологиясымен егу межеленген. Жүгері дақылын 2,6 мың гектардан 4,1 мың гектарға көбейту, маш дақылын 0,2 мың гектардан 2,1 мың гектарға көбейту жоспарға енгізілген. 2025 жылы «Agro Gruz» логистикалық компаниясы арқылы 10 мың тонна өнімді сақтауға арналған қойма ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар тұт ағашы алқаптары да  ұлғаятын болады.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...