Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
МАҚТААРАЛ – БАҚША ӨНДІРУДЕН ОЗАТ АУДАН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МАҚТААРАЛ – БАҚША ӨНДІРУДЕН ОЗАТ АУДАН

МАҚТААРАЛ – БАҚША ӨНДІРУДЕН ОЗАТ АУДАН

        Түркістан қаласында облысымыздың ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай, облыстық «AGROFEST TÚRKISTAN – 2024» салтанатты шарасы болып өткен болатын. Осы іс-шара барысында Мақтаарал ауданы бақша өндіруден озат аудан атанып, облыс әкімінің арнайы дипломымен және статуэткасымен марапатталды.
         2024 жылы аудан бойынша 60,6 мың гектар жерге түрлі ауыл шаруашылығы дақылы отырғызылса, оның ішінде 18 мың гектар алқапқа бақша дақылы егілген болатын. Шаруаларымыз бақшадан 500 мың тоннаға жуық өнім жинап, экспортқа және импортқа жіберілді. Жалпы бақша дақылынан алынған өнім гектарына 275,2 центнерді құрап, рекордтық деңгейге жетіп отыр.
       Әлемдегі ең тәтті қауын-қарбыздар Мақтаарал ауданында өседі. Бұл – ресейлік және еуропалық кәсіпкерлердің сөзі. Бұған дәлел, маусым кезінде күн сайын 200-300-ге тарта қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД мен Балтық жағалауы елдеріне, Түркия, Германия, Грекия мемлекеттеріне жол тартады.
        Айта кетерлігі, Мақтаарал ауданының диқандары Республикада ең бірінші болып және Өзбекстанға қарағанда 1 апта бұрын бақша өнімдерін нарыққа шығарады. Мақтаарал ауданында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қарасты «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-ның ғалымдары бұрыннан балдай тәттілігімен, ерекше үлкендігімен танымал болған «Мырзашөл» қауынын экспортқа ыңғайластырып, бүгінде облыстағы бірнеше аудандардың диқандары жаппай егіп жүрген «Жиенбет», «Валеть» сияқты қауынның сорттарын шығарды. Осылайша ғылым мен еңбекті ұштастырған сәтте кез келген қамалды бағындыруға болатынын мақтааралдықтар дәлелдеді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...