МАҚТААРАЛДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Жаңалықтар, Мерекелік шара, Спорт
23/10/2024
2 Views
Еліміздің айтулы мерекесі – 25 қазан – Республика күніне орай, Мақтаарал ауданына қарасты Мақтаарал ауылдық округіне қарасты Өркениет елді мекенінде спорт кешені пайдалануға берілді. Осы спорттық кешеннің ашылу салтанатына аудан әкімі Бақыт Насырханұлы Асанов, зиялы қауым өкілдері, жас спортшылар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Спорт кешенінің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Б.Асанов спорттың адам денсаулығын нығайтуда алатын орны ерекше екенін атап өтіп, аймақта бұқаралық спортты дамыту үшін көптеген спорт нысандары ел игілігіне беріліп жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, жиналған көпшілікті Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтады.
Ашыоып отырған бұл спорт кешенінде үлкен спорт залы және спортшыларға арналған жаттығу залдары бар. Мұнда волейбол, баскетбол, футзал, гандбол, күрес, бокс, дзюдо және тағы басқа спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік қарастырылып, спорттық мүкәмалдармен толық қамтамасыз етілген. Одан бөлек, ғимарат аумағында жасанды көгалмен жабдықталған футбол алаңшасы, баскетбол, волейбол алаңшалары да орналасқан.
Атап айтарлығы, «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2023 жылы құрылысы басталған бұл нысанның конкурстық құны 600 миллион теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарын танымал мердігер мекеме «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і жүргізді.
2024-10-23