Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ

ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ

          Еліміздегі барлық бала тең дәрежеде білім алуға құқылы. Міне, осы балаларымыздың шетте қалмай, ортаға бейімделіп, жалпы білім ордаларында өз қатарымен бірге білім алу үшін кедергісіз орта құруына ат салысқан түрде 2024 жылдың 04 – 08 қараша  күндері аралығында «Игі істер марафоны» жобасы  аясындағы апталық іс-шара өткізілді. Осы іс-шара барысында түрлі игілікті істер қолға алынды.
           Марафонның алғашқы күнінде «Әлем менің көзіммен» тақырыбында сурет сайысы болып өтті. Бұл сайысты мен ҚББП-ы  Р.Удербаевамен біргелікте ұйымдастырдық. Оның мақсаты: балалардың бойындағы бейнелеу өнері бойынша қабілеттерін ашу және қоршаған ортаға, әлемге деген көзқарастарын қалыптастыру болды.
           Бұл сайыста ЕББҚ балалар мен қалыпты балалар әлемді өз фантазияларының қабылдауымен елестетіп қағаз бетіне түсіре білді.
           Марафонның келесі жоспарлы күнінде «Мейірімді жүрек» тақырыбында  ЕББҚ ететін балалар мен қалыпты  оқушылар кітапханада кітап оқыды. Кітапханашы К.Карманова екеуміз ұйымдастырған бұл байқаудың мақсаты:  оқушылардың оқуға деген құштарлығын дамытып, қызықты ертегі кейіпкерлерімен танысып, түсінік айтып, сөздік қорын кеңейтуге үлес қосу болды.
         Ал «Балаларға қонаққа»  атты апталық айдарымен үйде оқитын оқушымен және оның ата-аналарымен сұхбат жүргізу мақсатында – мектебіміздің әлеуметтік педагогы Д.Данмырзаева мен бірге және бастауыш сынып мұғалімдері  біргелікте қонаққа бардық.
         Мектебіміздің педагог-психологы Г.Сманова мен бірге «Анашым, ұмытпаңыз» тақырыбында ата-аналарға тренинг өткіздік. Бұл тренингтің барысында ЕББҚ  балаларға қоғамда еркін, қалыпты балалармен бірге жүруді қалыптастыру ұсынылды.
         Түркістан облысы білім басқармасының  2024 жылғы 29 тамыздағы №25/6247 санды хатына сәйкес, әрбір қазақстандық мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсетуге жеке қатысуы арқылы қайырымдылық және волонтерлік мәдениетін дамытуға бағытталған республикалық «Игі істер марафоны» жобасы негізінде Жетісай ауданының Мәдениет үйінде, Жетісай ауданының білім бөлімінің арнайы мамандарының әдіскері А.Бердибекова  мектептің арнайы педагогтарымен бірге «Біз біргеміз» тақырыбында ЕББҚ ететін оқушылармен өнер фестивалін өткіздік.  Фестивальда балалар өнер көрсетті, фестиваль соңында барлық балаларды ынталандыру  сыйлықтармен ынталандыру мақсатында  тәтті сыйлықтармен қуанттық. Апталық соңында барлық іс-шаралар қорытындыланып, оның жоғары дәрежеде өткізілгені атап көрсетілді.
Назерке ЖҰМАТАЙ,
№44 «Жаңа дала» ЖББМ нің арнайы педагогы.
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...

ТИІСТІ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЙЕЛЕНДІРУДІ ТАПСЫРДЫ

        ...