ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Білім саласы, Жас буын, Қоғам
19/11/2024
27 Views
Жақында мектебіміздің 6-сынып оқушыларына «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында психологиялық сағат өткіздім. Бұл сағаттан көздеген басты мақсатым: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы кең көлемді мағлұматтар беру, өзгеге зорлық-зомбылық жасау адамның ең жаман қасиеті екенін, сондықтан одан аулақ болу керектігін айтып түсіндіру болды.
Сабақ барысында оқушылар бүгінгі тақырып бойынша бейнероликтер көрді, суреттер салды және осы мәселе бойынша өз пікірлерін білдірді. Оларға «Сенім поштасы «және «Сенім телефоны» туралы ақпараттар хабарланды, сондай-ақ сол бағыттағы барлық қажетті деректер мектебіміздің сайтында бар екендігі баяндалды. Балалардың да үлкен адамдар сияқты бұл өмірдің негізін қалаушы, яғни, оларда сыйлау, қол тигізбеу, азаматтық абыройын сақтау құқықтарына ие екені айтылып, балаға қатысты зорлық-зомбылықты және оған әсер ететін тиісті үдерісті анықтау жолдары түсіндірілді. Сабақ кезінде сондай-ақ, негізінен бұл бағытта бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны бөлек екені сабақ кезінде баяндалды. Сол себепті келешекте мұндай психологиялық сабақтарды ата-аналармен біргелікті өткізу жағы да ойластырылып, соған қатысты оқушылардың пікірлері сұралды.
Сонымен қатар, психологиялық сағатта оқушылардан сауалнама алынды және оқушыларға жаднамалар таратылып, бүгінгі тақырыпқа қатысты жан-жақты ақпараттар берілді.
Сүйінбай ӘБДӘКІМ,
Ә.Жангелдин атындағы №27 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы.
Жетісай ауданы.
2024-11-19