Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

         Н.Исмайлов атындағы №45 жалпы орта мектебінде 2023-2024 оқу жылы бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру» негізінде  өткен бұл іс-шараның мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу болды.
        Міндеттері: Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге,  перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу. Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

        Негіздемесі:  2023-2024 оқу жылы бойынша Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша жылдық жоспар құрылды. Сынып жетекшілерге толық біртұтас тәрбие бағдарламасы түсіндірілді. Бүгінгі өскелең ұрпақ тәрбиесі еліміздің болашақтағы жарқын келбетін айшықтайды. Құндылық адамның өмірлік ұстанымына, таңдауына, шешім қабылдауына ұстын болатын көзқарастар жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді, оның іс-әрекетін, мінез-құлқын анықтайды.
        Әдептілік, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, отаншылдық, қамқорлық, жауапкершілік, еңбекқорлық, бірлік, ризашылық, бауырмашылдық, ұлттық мұра мен қазақ тілін қастерлеу, қоғам игілігіне қызмет ету, салауатты өмір салтын ұстану секілді қасиеттерді қалыптастыруға тұғыр болатын ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын дарыту қажет.
        Ұлттық мүдде құндылығын дарыту арқылы отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл, мемлекеттік  рәміздерді қадірлейтін, елінің тарихын құрметтейтін, ұлттық мұраны, мәдениетті дәріптейтін, құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары тұлға тәрбиелеуді көздейді.
        Ар-ұят құндылығы этикалық принциптерді қалыптастыруға, өзін және өзгелерді құрметтеуге, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, мінез-құлықты нығайтуға және жауапты азамат болуға ынталандырады және мейірімділікке, еңбекқорлыққа баулуды көздейді. Өйткені білім де, ғылым да ерен еңбекпен келеді. Еңбек адам өмірінде маңызды. Адамның рухани дамуына, кәсіби әлеуетінің жетілуіне, қоғамдық сананы жаңғыртуға, ел экономикасын көркейтуге тұғыр болады. Ар-ұят құндылығы академиялық адалдық қағидатын қолдау, адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, отбасының, өз ортасының абыройын асыру, әдеп нормаларын ұстану, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну, достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну, мейірімділік таныту арқылы қалыптасады.
         Ар-ұят құндылығы арқылы адалдықты жоғары бағалайтын, сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытатын, ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайтын, достарын, сыныптастарын сыйлайтын, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсететін тұлға тәрбиелеуді көздейді.
       Талап құндылығы өскелең ұрпақ бойында мәдениеттілік, табандылық, үнемшілдік, қанағат, ерік-жігер, таза ой мен адал ниетке тұғыр болады. Сол себепті талап құндылығы білім алушылардың сыни және креативті ойлау, жеке және командамен жұмыс істей білу, білуге, жаңаны тануға құштар болу, физикалық белсенді болу,  салауатты өмір салтын ұстану, технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету, дұрыс қарым-қатынас орната білу, уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау дағдыларын дамытуға бағытталады. Талап құндылығы құндылығы арқылы жан мен тән тазалығын сақтайтын, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінетін, қоршаған орта тазалығын сақтайтын, ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылығы жоғары, ізденімпаз, жасампаз тұлға тәрбиелеуді көздейді.
            Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүддесінің бірі – ұрпақ тәрбиесі. Ал келешек ұрпақ, өсіп келе жатқан жас буын – мемлекеттің болашағы. Оған ешкімнің таласы жоқ. Олай болса, енді бір бес-он жылдан кейін шешуші мемлекеттік құрылымдардың тізгінін ұстайтын азаматтардың төл тарихы мен мәдениетін тұмардай қастерлеп, әдебиетін әспеттеуі бүгінгі тәрбиенің, бүгін қалыптасып жатқан ұлттық сананың деңгейімен тығыз байланысты болмақ. Ал ақпарат тасқыны судай сапырылысқан мына жаһандану заманында қазақ жастарының ұлттық санасы қалай қалыптасып жатыр, қандай бағытқа бет алуда? Бұл бүгінгі күні санамызды өзге ұлттың, соның ішінде батыстың даңғаза музыкасы мен дарақы еңбектері аямай улап жатқан тұста ел басқарып отырған азаматтар мен зиялы қауымнан бастап, қарапайым әрбір азаматты ойландыруы  тиіс.
Нагима АЛИПОВА,
Н.Исмайлов атындағы №45 ЖББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...

ТИІСТІ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЙЕЛЕНДІРУДІ ТАПСЫРДЫ

        ...